"Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттiк мекемесi туралы Ережені бекiту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 10481 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 3871 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкiмi Т. Қасымжанов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
" 02 " сәуірдегі 2015 жылғы
№ 10481 қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
      8. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33, индекс 070004.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала аумағында жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) жер қатынастарын реттеу, жерлерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындары қызметтерін реттеу бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекет жасау;
      2) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
      3) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      4) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту;
      5) қаланың ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
      6) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жағдайлар жасау.
      15. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру, олардың нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою, жер учаскесіне құқық беруден бас тарту, қоғамдық сервитуттар белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі қаланың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      9) қаланың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      13) қаланың жер балансын жасау;
      14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      17) заңнамаға сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      22) жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия құру бойынша ұсыныстар дайындау және оның жұмысын ұйымдастыру;
      23) арнайы жер қорын құру бойынша қаланың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу;
      24) мемлекет меншiгiндегi және жер пайдалануға берiлмеген жер құрамынан өз бетiнше иеленiп алынған жер учаскесiн қайтаруды талап ету бойынша қаланың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар дайындау;
      25) жер учаскелерiн елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты ортақ пайдаланудағы жердiң құрамынан шығару бойынша қаланың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар дайындау;
      26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскелерін пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлем сомаларының есебін жасау;
      27) қала аумағын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;
      28) жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде тоқсанына кемінде бір рет орналастырып отыру;
      29) бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз ету;
      30) жыл сайын облыстың жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органына ағымдағы жылы жер учаскелері берілген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізбесін және мұндай жер учаскелерінің орналасқан жерін көрсете отырып жер-кадастр картасын табыс ету, сондай-ақ ай сайын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізбесінде болған өзгерістер туралы мәліметтерді табыс ету;
      31) агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      32) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      33) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      34) ауыл шаруашылығы малдарын ұстау мен жаю ережелерін әзірлеу;
      35) облыстың жергiлiктi атқарушы органына беру үшін агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу;
      36) тиісті өңірде облыстың жергілікті атқарушы органына есептілік беру үшін азық-түлік тауарлары қорының есебін жүргізу;
      37) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін агроөнеркәсіптік кешені саласы мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
      38) өсімдік шаруашылығы саласында шаруашылық жүргізетін субъектлерді міндетті сақтандыруды ұйымдастыру;
      39) өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімі түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтары тұрғысында қала аумағында егіс жұмыстарын бастау және аяқтаудың оңтайлы мерзімдерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу;
      40) облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін ағымдағы жылда сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндірушілер тізбесін қалыптастыру;
      41) қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алаңдарды белгілеу жөніндегі комиссия құру бойынша ұсыныстар енгізу;
      42) мекеме құзыретіне енетін мәселелер бойынша қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
      43) "Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіп бойынша үздігі" конкурсын өткізу бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
      44) техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету;
      45) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
      46) қаладағы асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
      47) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
      48) қала бойынша бағалау туралы деректерді қабылдау, қорыту және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар ету;
      49) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;
      50) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізу;
      51) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот және басқа ұйымдарда мекеменің, қаланың жергілікті атқарушы органының мүдделерін ұсыну;
      52) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзушылығы үшін; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған және тұқым шаруашылығы саласында қызмет көрсеткен кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
      53) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      16. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде қатысу үлестерімен, мемлекеттік заңды тұлғалар құқықтарының субъектісімен иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру;
      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілердің талаптарын сақтаумен мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан заңнамамен белгіленген мерзімде қажетті ақпарат сұрау және алу;
      3) мекеме қызметінің саласына қатысты ұсыныстар беру және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өз құзыреті шегінде олардың орындалуын бақылау;
      4) әкімдіктің қарауына мекеме құзыретіне қатысты мәселелер, ұсыныстар, ақпараттар, шешім жобаларын енгізу;
      5) мемлекеттік органдармен өткізілетін мекеме құзыретінің мәселесіне қатысты отырыстарға, жиналыстарға, кеңестерге қатысу, облыс және қала әкімдерінің, облыс және қала әкімдері орынбасарларының тапсырмалары мен өкімдерін орындау;
      6) мекеме әзірлеуші болып табылатын әкім мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
      3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
      4) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
      6) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады