РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "27" 03 № 10373 қаулысымен бекітілген |
"Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзырет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
8. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 29, индекс 492019.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет және тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.14. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) мәдени құндылықтарды жаңғырту, сақтау, дамыту және тарату, оларға адамдарды баулу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру;
2) мемлекеттік және басқа тілдердің қоғамдық қолдану саласын кеңейту.
15. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемле-кеттік мекемесінің міндеттері:
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет жұмысы саласындағы қаланың коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асыру;
2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
3) қаланың сауықтық, мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
4) қаланың коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
5) қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болу;
6) коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
7) қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беру бойынша ұсыныстар енгізу;
8) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған қалалық іс-шараларды өткізу;
9) облыстың атқарушы органындарына енгізу үшін ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар әзірлеу;
10) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаланың әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
11) Қазақстан Республикасының тіл және жарнама туралы заңнамасын деректемелер мен көрнекі ақпарат орналастыру, жарнаманы тарату тілдеріне талаптар бөлігінде бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
16. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемле-кеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) шығармашылық одақтармен, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
3) шығармашылық ұжымдардың, жеке орындаушылардың облыстық, республикалық көлемдегі байқауларға, фестивальдер мен конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;
4) қаланың экономикалық бейінін, халықтың ұлттық құрамын ескере отырып, кітапханалардың кітап қорларының жоспарлы жинақталуын қамтамасыз ету;
5) көрнекілік ақпаратты рәсімдеу бойынша кәсіпорындар, ұйымдарға, мекемелерге әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
7) мекеме әзiрлеушi болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингiн жүзеге асыру және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған оның құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
4) мекеменің мүддесін барлық ұйымдарда ұсынады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
6) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемле-кеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.