"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі | Н. Нұрғалиев |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 85 қаулысымен бекітілген |
"Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы
және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Курчатов қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асырады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071100, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік, көшесі 4.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Мемлекет Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органы тұлғасында Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Курчатов қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
15. Бөлімнің миссиясы: Курчатов қаласының аумағында ауыл шаруашылығын және жер қатынастарын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.16. Бөлімнің міндеттері:
1) нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымды құруға көмек көрсетеді, бірыңғай қаржылық-инвестициялық саясат пен есепті жүргізеді;
2) ғылыми-техникалық үдерістің негізгі бағыттарын анықтайды және оларды іске асыру жолдары мен тәсілдерін, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауды енгізуге көмек көрсетеді;
3) Курчатов қаласының аумағында азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізеді;
4) жер қатынастары сұрақтары бойынша мемлекеттің негізгі саясатын іске асыру;
5) жерге орналастыруды жүргізуді үйымдастыру.
17. Бөлімнің функциялары:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
3) қала тұрғындарын мал өнімдері мен қайта өңделген тағамдармен қамтамтылуы бойнша есепке алуды жүргізеді;
4) агроөнеркәсіп кешені саласында шұғыл ақпараттар жинау және оны Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органына тапсыру;
5) тиiстi өңiрде азық-түлiк тауарлары қорларын есепке алуды жүргiзеді және Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органына есептiлiк ұсынады;
6) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстар мен шешімдерінің жобаларын дайындайды;
8) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару және жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындайды;
9) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындайды;
10) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізеді;
11) жер учаскесін сатын алу-сату шарттары мен жалдау, жерді уқытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
12) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін қаланың өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.20. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Курчатов қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
6) Курчатов қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.