2015 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 қыркүйектегі № 607 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 қазанда № 4167 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 маусымдағы № 391 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 08.06.2016 № 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Байахметов

  Аягөз ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "03" қыркүйектегі
607 қаулысына қосымша

2015 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдарына орналастырылған балалар саны (адам)

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

18710

7605

930

775

      кестенің жалғасы:

Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны (теңге)

Бір айда ата-ананың ақы төлемінің мөлшері (теңге)

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

18710

7605

8400

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады