Бесқарағай ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 193 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 маусымда № 4000 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № 102 қаулысымен (қол қойылған үнінен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес Бесқарағай ауданынаң шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міңдетін атқарушы Е.Рахметуллин

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2015 жылғы "26" мамыр № 193
қаулысына 1 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының шалғайдағы жерлерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасы


Тура бағдары
Қайтар бағдары
1
Қарабаш кардоны "Семей орманы" МОТР РММ Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі маңындағы алаңы;
Бесқарағай ауылы, Елистратов көшесі "Үлкен Владимировка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемісінің алдыңдағы алаң;
Қарабаш кардон "Семей орманы" МОТР РММ Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі маңындағы алаңы;
Бескарағай ауылы, Партизан көшесі "Борас орта мектеп-
бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңдағы алаң
Бескарағай ауылы, Партизан көшесі "Борас орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңдағы алаң;
Қарабаш кардон "Семей орманы" МОТР РММ Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі маңындағы алаңы;
Бесқарағай ауылы, Елистратов көшесі "Үлкен Владимировка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемісінің алдыңдағы алаң;
Қарабаш кардоны "Семей орманы" МОТР Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі республикалық мемлекеттік мекемесінің маңындағы алаңы
2
"Семей орманы" МОТР РММ Беген орман шаруашылық кеңсесі;
Беген ауылы, "Беген орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаң
Беген ауылы, "Беген орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаң;
"Семей орманы" МОТР РММ Беген орман шаруашылық кеңсесі
3
Лесной ауылы 2 квартал орталық көшесінен;
Жетіжар ауылы "Семияр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
алдыңдағы алаң
Жетіжар ауылы "Семияр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңдағы алаң;
Лесной ауылы 2 квартал орталық көшесі
4
Қара-Мырза ауылы, Боровая көшесі "Қара-Мырза негізгі мектебі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі алаңынан;
Канонерка ауылы, "Канонерка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаңы
Канонерка ауылы, "Канонерка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаңы;
Қара-Мырза ауылы, Боровая көшесі "Қара-Мырза негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алаңынан
5
Бөкебай ауылы "Семей орманы" МОТР РММ Бөкебай орман шаруашылық кеңсесінен;
Қарағайлы ауылы "Баймұратов Нурлыбек атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаңы
Қарағайлы ауылы "Баймұратов Нурлыбек атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаңы;
Бөкебай ауылы "Семей орманы" МОТР РММ Бөкебай орман шаруашылық кеңсесіне
6
Черемушка ауылы, бұрынғы мектептің маңындағы алаң;
Мостик ауылы "Мостик орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңдағы алаң
Мостик ауылы, "Мостик орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңдағы алаң;
Черемушка ауылы, бұрынғы мектептің маңындағы алаң
7
Доңгелек кардоны "Семей орманы" МОТР Дөңгелек орман шаруашылық кеңсесі;
Өндіріс ауылы, "Өндіріс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
алдыңдағы алаң
Өндіріс ауылы, "Өндіріс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңдағы алаң;
Доңгелек кардоны "Семей орманы" МОТР Дөңгелек орман шаруашылық кеңсесіне
8
Бірлік ауылындағы бұрынғы бастауыш мектебінен;
Глуховка ауылы, "Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаң;
Стеклянка ауылы, Революция көшесі "Камалхан" дүкенінен;
Старая Крепость ауылы Центральная көшесінің аялдамасынан;
Центральная көшесінің шетіндегі киосктан 50 метр;
аялдамадан Орленок саяжайы;
аялдамадан "Подхоз" шаруа кожалығы;
Глуховка ауылы "Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңдағы алаң
Глуховка ауылы "Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңдағы алаң;
аялдамадан "Подхоз" шаруа кожалығы;
аялдамадан Орленок саяжайы;
Старая Крепость ауылы Центральная көшесінің аялдамасынан;
Стеклянка ауылы Революция көшесі "Камалхан" дүкенінен;
Центральная көшесінің шетіндегі киосктан 50 метр;
Глуховка ауылы, "Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаң;
Бірлік ауылындағы бұрыңғы бастауыш мектебіне
9
Морозовка орман шаруашылығы "Семей орманы" МОТР РММ Морозовка орман шаруашылық кеңсесінен;
Ерназар ауылы, "Сосновка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаң
Ерназар ауылы, "Сосновка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаң;
Морозовка орман шаруашылығы "Семей орманы" МОТР РММ Морозовка орман шаруашылық кеңсесіне

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2015 жылғы "26" мамыр № 193
қаулысына 2 қосымша

Бесқарағай ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi
1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
      2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
      3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен бала-лардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және бала-лардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
      4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
      5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
      6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
      7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
      8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
      9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
      10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
      11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
      12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
      13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) салонда тұруына және жүруiне;
      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
      9) есiктердi ашуына;
      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
      16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
      17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
      18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
      2) баспалдақтардан секiруiне;
      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
      19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;
      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.

2. Қорытынды ережелер

      20. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады