Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылының көшелерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 03 қыркүйектегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 қазанда № 4163 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабы 2 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабы 4) тармақшасына сәйкес, Қарағайлы ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 10 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Баскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылының көшелерінің атаулары
      "Новая" көшесі "Махмет Қайырбаев" көшесі;
      "Калинин" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
      "Короткая" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Л. Шәріпқановаға осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округтің әкімі Н. Балықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады