Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 24/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-ІV Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 27/334-V Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3934 болып тіркелген), Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/6-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3465 болып тіркелген, 2014 жылы 16 қыркүйекте "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 12480 (он екі мың төрт жүз сексен) теңге көлемінде беріледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Ахмадиев |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |