"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/6-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 37/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 шілдеде № 4020 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 24/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-ІV Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 27/334-V Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3934 болып тіркелген), Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/6-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3465 болып тіркелген, 2014 жылы 16 қыркүйекте "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
       1-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 12480 (он екі мың төрт жүз сексен) теңге көлемінде беріледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Ахмадиев
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады