"Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 05 қазандағы № 456 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 қарашада № 4229 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 11.05.2016 № 154 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жоғарыда аталған қаулының қосымшасына сәйкес "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Глубокое ауданының әкімі А. Бекбосынов

  Глубокое ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "05" қазан
№ 456 қаулысымен
бекітілген

"Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Глубокое ауданы аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласында басшылықты жүзеге асырады.
      2. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 6.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Глубокое ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасындағы мемлекет болып табылады.
      11. Осы Ереже "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Глубокое ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Глубокое ауданының аумағындағы білім саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.
      15. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғалықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрістерін байыту;
      3) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік тілді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      5) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және республикамыздағы басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрлерін зерттеу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгерту;
      16. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олар орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
      4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінде қолдау және ықпал көрсету;
      5) мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру;
      6) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
      7)аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
      8) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
      10) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді;
      11) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
      12) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және олардың пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
      13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      14) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;
      15) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқытуға рұқсат береді;
      16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
      17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысымен жүзеге асырылады.
      19. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Глубокое ауданының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) Глубокое ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      21. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлкеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Глубокое ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Ы.Алтынсарин ат. Глубокое орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2. "Оралхана Бөкей ат. Қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "№1 Белоусовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      4. "Верх-Березовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      5. "Ново-Иртыш орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      6. "Переваловка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      7. "№1 Предгорное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      8. "Предгорное орта мектебі – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      9. "Веселовка жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. "Секисовка орта мектебі-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. "Уварово орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. "Прапорщиково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      13. " Тарханка орта мектебі-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      14. "Черемшанка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      15. " Бобровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      16. "Березовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      17. "Винное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      18. "Быструха орта мектебі-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      19. "Опытноеполе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      20. "Прогресс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      21. "Кожохово орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      22. "Ушаново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      23. "Малоубинка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      24. "Белокаменка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      25. "Степное негізгі мектебі – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      26. "Белоусовка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      27. "Верх-Березовка бастауыш мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      28. "Белоусовка бастауыш мектебі – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      29. "Ақбота" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      30. "Пчелка" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      31. Глубокое ауданы әкімдігінің "Белоусовка к. мектепке дейінгі білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      32. Глубокое ауданы әкімдігінің "Асыл бөпе" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      33. Глубокое ауданы әкімдігінің "Черемшанка а. "Алтын бесік" балабақшасы" жеке шаруашылық серіктестік.
      34. Глубокое ауданы әкімдігінің "Жас техниктер станциясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      35. Глубокое ауданы әкімдігінің "Балалар шығармашылық үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      36. Глубокое ауданы әкімдігінің "Глубокое к. балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      37. Глубокое ауданы әкімдігінің "Белоусовка к. балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      38. Глубокое ауданы әкімдігінің "Алтай к. балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      39. Глубокое ауданы әкімдігінің "Опытное поле а. балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      40. Глубокое ауданы әкімдігінің "Черемшанка а. балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      41. Глубокое ауданы әкімдігінің "Толағай" жазғы сауықтыру лагері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады