Глубокое ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 485 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 желтоқсанда № 4246 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 88 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 14.03.2016 № 88 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес Глубокое ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Глубокое ауданының әкімі А. Бекбосынов 

  Глубокое ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "28" қазан
№ 485 қаулысына
1 қосымша

Глубокое ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдаудың схемасы

1
Тура бағыт
Кері бағыт
Зимовье ауылы - "Быструха орта мектебі кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Быструха орта мектебі кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі -Зимовье ауылы
 
2
226 өткел - "Прапорщиково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Прапорщиково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - 226 өткел
 
3
Ново-Михайловка ауылы - Планидовка ауылы - "Белокаменка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Белокаменка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Планидовка ауылы - Ново-Михайловка ауылы
4
Сметанино ауылы - "Переваловка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Переваловка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Сметанино ауылы
5
Калинино ауылы - "Жана-Ертіс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жана-Ертіс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Калинино ауылы
 
6
"Күршім" шағын ауданы- "Петушки" шағын ауданы- "Киргородок" шағын ауданы - "Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - "Киргородок" шағын ауданы, "Петушки" шағын ауданы, "Күршім" шағын ауданы
 
7
"Күршім" шағын ауданы -"Киргородок" шағын ауданы "Петушки" шағын ауданы -"О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
-"О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі -"Киргородок" шағын ауданы -"Петушки" шағын ауданы -"Күршім" шағын ауданы
 
8
Веселое ауылы -"Винное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Винное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Веселое ауылы
9
Заречное ауылы - "Веселовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Веселовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Заречное ауылы
10
Волчиха ауылы - "Малоубинка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Малоубинка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі- Волчиха ауылы
 
11
Степное ауылы – "Ушановка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ушановка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Степное ауылы
12
Черногорка ауылы -"Уварово орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Уварово орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Черногорка ауылы
13
Заречное ауылы - "№1 Предгорное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"№1 Предгорное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Заречное ауылы
14
Красная Заря ауылы – "Березовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Березовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Красная Заря ауылы
15
СТФ – "Опытное поле орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Опытное поле орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - СТФ
16
Бобровка ауылы – "Бобровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Бобровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Бобровка ауылы
17
"Поворот" шағын ауданы – "Предгорное орта мектебі бала бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Предгорное орта мектебі бала бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Поворот" шағын ауданы
18
Секисовка ауылы – "Секисовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Секисовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Секисовка ауылы
19
Заречная көшесі – "Верх-Березовка бастауыш мектебі – бала бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Верх-Березовка бастауыш мектебі – бала бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Заречная көшесі
20
Железнодорожная көшесі - "Верх-Березовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Верх-Березовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Железнодорожная көшесі
21
Кожохово ауылы – "Қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Кожохово ауылы
22
Вокзальная көшесі - "Черемшанка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Черемшанка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Вокзальная көшесі

  Глубокое ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "28" қазан
№ 485 қаулысына 2 қосымша

Глубокое ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдаудың тәртібі

1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
      2. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс беруші (бұдан әрі – тапсырыс беруші) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін.
      3. Тапсырыс беруші оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкіндігі ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкін.
      4. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
      5. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
      6. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
      7. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
      8. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
      9. Балаларды тасымалдау үшін мынандай жүргізушілерге рұқсат беріледі:
      1) жасы жиырма жастан кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар;
      2) автобустың жүргізушісі ретіндегі кемінде соңғы үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар;
      3) соңғы жылдары еңбек тәртібін және қозғалысы ережесін өрескел бұзбаған.
      Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
      Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде бес жыл болуы тиiс.
      10. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
      11. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
      12. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
      13. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
      14. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      15. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      16. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) салонда тұруына және жүруiне;
      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
      9) есiктердi ашуына;
      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
      17. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
      18. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын (қолдорбалары, пакеттер және т.с.) бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
      19. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
      2) баспалдақтардан секiруiне;
      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
      20. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;
      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.

2. Қорытынды ережелер

      21. Балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады