"Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы N 10 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 ақпанда N 3673 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 209 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 10.06.2016 № 209 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. 
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауданының әкімі А. Сеитов

  Күршім ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен бекітілді

"Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы бөлім

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық нысандардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071200, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Барақ батыр көшесі, 25 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Күршім ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      15. Бөлімнің міндеттері:
      1) дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы тұлғалардың өмірін және денсаулығының қаупсіздігін, сонымен қатар спорттық іс-шаралар мен дене шынықтыру-сауықтыруға қатысушылар мен көрермендерін және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауларын қамтамасыз ету;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін өркендету;
      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базасын өркендету;
      5) еркін қызмет принципінде негізделген, сонымен қатар олардың құрылымының ерекшеліктерінде, әлеуметтік және жалпы білім қызметтерін есепке ала отырып барлық спорт түрлерінің өркендеуіне ықпал ету.
      16. Бөлімнің қызметі:
      1) бұқаралық дем алу орындарында және тұлғалардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымын құрады;
      2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстарын өткізеді;
      3) Облыстық спорттық жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
      4) Күршім ауданының аумағында ұлттық спортты және бұқаралық спортты өркендетуді қамтамасыз етеді;
      5) Күршім ауданының аумағында ауданның спорттық-дене шынықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
      6) спорттық разрядтарды тапсырады: 2 разрядтты спортшы, 3 разрядтты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядтты спортшы;
      7) спорттық біліктілік категориялар тапсыру: екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары жаттықтырушы, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта,екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары спортшы-нұсқаушы, спорттық төреші;
      8) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбелігін іске асырады;
      9) Күршім ауданының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді реттейді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған, Күршім ауданының аумағында нысан және мерзімі бойынша дене шынықтыру және спортты өркендету бойынша облыстың жергілікті атқару органдарына ақпаратты беруді, талдауды және жинақтауды іске асырады;
      11) өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының ұсынымы бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімін құрайды және бекітеді;
      12) арнайы дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың медицинамен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
      13) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық тәртіпті және бұқаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      14) Күршім ауданының аумағында спорттық құрылымдар құрылысы салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
      15) спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      16) ауданның арнайы мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген, өзге өкілеттіліктерге жергілікті мемлекеттік басқару іске асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Бөлім:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсынуға;
      2) Бөлім құзыреті шеңберіндегі мәселелерді бірлесіп қарастыруға және атқару үшін ауданныңжергілікті атқару органдарының бөлімдері қызметкерлерін еліктіруге;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орнатылған тәртіппен кеңес өткізуге;
      4) өз қызметін атқару үшін қажетті ақпаратты азаматтардан, ұйымдардан және оның басшыларынан, өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған құзыреті шеңберінде сұрауға құқылы.
      Бөлім:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беруге;
      2) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты және материалдарды ұсынуға;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін өзге міндеттерді орындауға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындауына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлім басшысын Күршім ауданының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзіреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін қорғайды;
      6) Күршім ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжирбиелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыртын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы тиісті.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады