"Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 cәуірдегі № 78 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда № 3942 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 мамырдағы № 134 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 06.05.2016 № 134 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Көкпекті аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Сагандыков

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 08 сәуірдегі
№ 78 қаулысымен бекітілген

"Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі" туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Көкпекті ауданының "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз құзыреті шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және аудандық бюджетті атқару, бухгалтерлік, бюджеттік есепті және аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, Көкпекті аудан аумағында коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асырады.
      2. "Көкпекті ауданының "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Көкпекті ауданының "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. "Көкпекті ауданының "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Көкпекті ауданының "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Көкпекті ауданының "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Ш.Фахрутдинов, 44 "а" көшесі.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Көкпекті ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
      12. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Көкпекті ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқару, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру, аудандық бюджетті орындауын қамтамасыз ету, аудандық коммуналдық меншікті тиімді басқаруды жүзеге асыру.
      15. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жасау;
      2) кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі қаржы жылы аудандық (жергілікті) бюджеттің жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;
      3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, экономикалық талдау жасау және реформалар барысын бағалау;
      4) аудандық бюджетті атқару;
      5) бюджеттік есепке алуды жүргізу және аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастыру;
      6) аудандық коммуналдық меншікті басқару.
      16. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджет параметрлерінің болжамын әзірлеуді ұйымдастырады және өз құзіреті шегінде аудандық даму бағдарламаларын әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысады;
      2) алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды;
      3) аудандық бюджет комиссиясына ағымдағы, сол сияқты алдағы жоспарланып отырған кезеңде жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпаратты жібереді;
      4) жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды;
      5) даму бюджетінің игерілуінің, инвестициялық жобалардың барысына мониторинг жүргізеді;
      6) коммуналдық мүлікті басқаруға талдау және бағалауды жүзеге асырады;
      7) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      8) бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
      9) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін айқындау және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін атқару жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
      10) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;
      11) бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады;
      12) жүйелі жинақтау жиәне бюджетті атқару көрсеткіштерін талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      13) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын келіседі;
      14) бюджеттік ақшамен басқарады;
      15) аудан бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
      16) аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерді қарайды;
      18) бюджеттік ақшамен басқару бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады;
      19) мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
      20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      21) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады;
      22) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
      23) аудандық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүліктердің тізілімін белгіленген тәртіпте жүргізеді;
      24) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектіні бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      25) аудандық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
      26) аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді;
      27) сенімгерлікпен басқарушының аудандық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      28) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      29) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      30) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
      31) аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асырады;
      32) жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі;
      33) иесіз мүліктердің, объектілерді анықтау және ретке келтіру есебін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
      34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      19. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Көкпекті ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін өзінің құзыретіне сәйкес дара қағидаты бойынша қызмет етеді, Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
      21. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;
      6) Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады