Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң "Қызыл-жұлдыз" елді мекеніне шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 583 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 қарашада № 4212 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 730 қаулысымен
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 22 тамыздағы № 508 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң "Қызыл-жұлдыз" елді мекеніндегі тұрғындардың ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
2. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (С.Қонысбаев) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы (Б.Қажыкенов), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тарбағатай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысының міндетін атқарушы (М. Сулейменова ), тиiстi iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.А.Жақаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз