Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiнiң "Бектұр" қыстағына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 585 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 қарашада № 4213 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 24.02.2016 № 99 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 30 шілде № 481 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiнiң "Бектұр" қыстағында ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режимi белгiленсiн.
      2. "Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (С.Қонысбаев) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы (Б.Қажыкенов), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тарбағатай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысының міндетін атқарушы (М. Сулейменова ), тиiстi iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.А.Жақаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмiнің міндетін атқарушы С.Жақаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрлiгi
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетi Тарбағатай аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Б.Қажыкенов
      "30" қыркүйек 2015 жыл
       "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігінің
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитеті Шығыс Қазақстан
      облысы Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің Тарбағатай
      аудандық тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттiк
      мекемесiнiң басшысының міндетін атқарушы М.Сулейменова
      "30" қыркүйек 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады