Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округiнің "Қызыл-бұлақ" учаскесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 23 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қазанда № 4158 болып тіркелді. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 08.09.2022 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 446 ұсынысы негiзiнде Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Көкжыра ауылдық округiнің "Қызыл-бұлақ" учаскесінде мүйізді ірі қара малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажыкенов), тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкжыра ауылдық округінің әкiмi Д. Жанат
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау Комитетінің
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі басшысы
"03" қыркүйек 2015 жыл
Б. Қажыкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады