Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің 01.09.2022 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 237 ұсынысы негізінде, Қызыл кесік ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1.Тарбағатай ауданының Қызыл кесік ауылдық округiнiң "Тоғжан" қыстағында жылқы малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
2."Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кызыл кесік ауылдық округінің әкiмi | М. Сахариев |
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" М.М. басшысы "09" шілде 2015 жыл |
Б. Қажыкенов |