"Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 24 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 9 ақпанда № 3808 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.08.2016 № 238 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. Қ. Жақыпов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Ш. Кәрімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 20 қаңтардағы № 24
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысының индустриалдық, технологиялық және инновациялық стратегиясын қалыптастыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлікті, сауданы, туризмді, сыртқы экономикалық байланыстарды, жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамтуды дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары болмайды.
      3. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы индустриалдық-инновациялық даму, кәсіпкерлікті, сауданы, туризмді қолдау, сондай-ақ сыртқы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту арқылы Батыс Қазақстан облысының өңдеу өнеркәсібі саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
      2) Батыс Қазақстан облысының аумағында жеке кәсiпкерлiктi және инвестициялық жағдайды дамыту үшін жағдайлар жасау;
      16. Функциялары:
      1) өңірде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
      3) сарапшылық кеңестердiң қызметін ұйымдастыру;
      4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      6) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      7) "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша аймақтық бағдарламалардың жобаларын әзірлеу;
      8) облыстың инвестициялық басымдықтарын қалыптастыру, әлеуетті инвесторлар үшін өңдеу өнеркәсібі, кәсіпкерлік және туризм кәсіпорындары мүмкіндіктерінің таныстырылымын ұйымдастыру және өткізу;
      9) индустриалдық-инновациялық дамуға, кәсіпкерлікті, сауданы, соның ішінде шағын несиелеуді дамытуға бағытталған бюджет қаражаттарының пайдаланылу қызметіне мониторингті жүзеге асыру;
      10) өңдеу өнеркәсібі секторы мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары өндіретін, соның ішінде экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару және сату көлеміне талдау, бағалау және болжам жасау;
      11) облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысын ұйымдастыру;
      12) кәсіпкерлік, сауда, туризм және өнеркәсіп саласында қоғамдық бірлестіктермен өзара бірлескен іс-қимылды жүзеге асыру;
      13) шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында халықаралық стандарттар енгізуге жәрдем көрсету;
      14) "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмыс органы болып табылатын облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына материалдарды дайындау;
      15) таяу және алыс шетелдермен өңірлік ынтымақтастықты дамыту;
      16) инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша кәсіпорындарға жәрдем көрсету;
      17) таяу және алыс шетелдердің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен ынтымақтастық туралы шарттар, келісімдер жасау және оларды орындау бойынша материалдар даярлау;
      18) мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға кәсіпкерлікті, өңдеу өнеркәсібін, туризмді, құрылыс индустриясын дамыту мәселелері жөнінде ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;
      19) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Батыс Қазақстан облысында іске асыру, инновацияларды, жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндірістерді енгізуге, облыстың өңдеу өнеркәсібі секторын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік және аймақтық саясатты жүргізу;
      20) кәсіпкерлікті, сауданы, туризмді, өңдеу өнеркәсібін, құрылыс индустриясын дамыту;
      21) облысты дамытудың стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      22) қолданыстағы заңнамада қарастырылған құзыреті шегінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы экономикалық қызметіне жәрдем көрсету және мониторинг жүргізу;
      23) туристік қызметті тиімді дамыту және аймақтық туризм индустриясын дамыту үшін туристік саланың қажеттіліктері туралы ұсыныстар әзірлеу;
      24) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      25) индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаларға бақылау жүргізуді және мониторингті жүзеге асыру;
      26) жергілікті қамтуды дамыту бойынша жүйе құраушы кәсіпорындарға мониторинг және бақылау жүргізу;
      27) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      28) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;
      29) уәкілетті органның келісімі бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;
      30) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      31) туристік бағыттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      32) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құзыреті шегінде лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
      33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша ұсыныстар, қаулылар, өкімдер мен шешімдер жобаларын дайындауды және облыс әкімі мен әкімдігіне енгізуді жүзеге асыруға;
      2) залалды кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға құқығы бар;
      3) өзінің заңды мәртебесінен және осы Ережеден туындайтын басқа да құқықтар, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігі жүктейтін құқықтар.

3. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бөлімдер басшылары және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазаға тарту және алып тастау мәселелерін шешеді;
      6) "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      11) "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму
басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады