1. "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 31 бірлескен қаулысына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бірлескен қаулы және шешімінің қосымшасы осы бірлескен қаулы және шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімінің әділет органдарында тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа және облыстық мәслихаттың ауылды дамыту, аграрлық саясат және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Сессия төрағасы | В. Голоухов |
Облыстық мәслихат хатшысы | М. Құлшар |