Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 17-2 "Орал қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен аймақтарының шекарасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 29-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қаңтарда № 4226 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 17-2 "Орал қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен аймақтарының шекарасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2927 тіркелген, 2005 жылғы 24 мамырдағы № 60 "Орал өңірі" және 2005 жылғы 1 мамырдағы № 51"Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы";
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттің жекенің иелігіне беруге ұсынатын жер учаскелерінің орналасқан жеріне, инженерлік құрылғылардың орналасуына, абаттандырылуына, жер бедерінің бағалануына, қоршаған ортаның жағдайы мен қосымшаға сәйкес өзге де факторларға байланысты жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау үшін Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.";
      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімінің әділет органдарында тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Сүлеймен
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 29-6 шешіміне
қосымша
  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2005 жылғы 19 сәуірдегі
№ 17-2 шешімімен
бекітілген

Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері
үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы

Аймақтар

Шекаралардың сипаттамасы

Базалық ставкаларға түзету коэффициенттері

1.

Солтүстік-батыстан Жайық өзенінен өтетін теміржол көпірінен теміржол жері шекарасы бойынша Деповская көшесі бойымен теміржол арқылы өтетін бұрынғы 1-автокөлік кәсіпорны шекарасына дейін, оның батыс шекарасы бойымен өтпелі тоғанға дейін, Жайық өзенінің ескі арнасы бойымен Жайық өзеніне дейін және оның жағалауы бойымен Горький тоғанына дейін, тоған бойымен Шаған өзеніне дейін, Шаған өзені бойымен Шаған өзенінен өтетін теміржол көпіріне дейін

2,0

2.

Солтүстік-батыстан Шаған өзенінен өтетін теміржол көпірі арқылы жағалау бойымен Орал қаласының солтүстік шекарасы бойынша Орал-Самара жолына дейін, осы жолмен Шолохов көшесіне дейін, Шолохов көшесі бойымен Циолковский көшесіне дейін, Циолковский көшесі бойымен теміржол жеріне дейін, теміржол жері бойымен батыста Магистральная, Локомотивная көшелері, Шаған өзенінен өтетін теміржол көпіріне дейін

1,75

3.

Солтүстіктен теміржол шекарасы бойынша С. Датұлы көшесіне дейін, одан әрі С. Датұлы көшесі бойымен оңтүстікке қарай батыс шекарасы бойынша Жайық өзеніне дейін, Жайық өзенінің жағалауымен оның ескі арнасына дейін, оның батыс шекарасындағы бұрынғы 1-автокөлік кәсіпорны бойымен Деповская көшесіне дейін, Деповская көшесімен теміржол Депосы ауданына дейін

1,6

4.

Солтүстіктен Циолковский көшесінің бұрышынан Шолохов көшесі бойымен шығысқа қарай Московская көшесінің бойымен, одан әрі жеке құрылыстар шекарасы бойымен оңтүстікке қарай теміржол жеріне дейін, Циолковский көшесіне дейін. Циолковский көшесі бойымен Шолохов көшесіне дейін

2,0

5.

Орал-Самара жолынан солтүстікке қаланың солтүстігі бойынша Солтүстік шығыстағы көпқабатты тұрғын үйлерді қоса және Желаев өндірістік торабымен қаланың шығыс шекарасы (Желаев ауылын қоспағанда) теміржол жері бойымен солтүстік-шығыс ауданындағы жеке құрылыстар шекарасына дейін және осы шекара бойымен Московский көшесі бойымен Орал-Самара тас жолына дейін

1,5

6.

Солтүстіктен С. Датұлы көшесінен теміржол жері шекарасы бойымен Жайық өзенінің аңғарына дейін, оның жағалауындағы оңтүстік және батыс шекараларындағы Жайық өзені көпірінен С. Датұлы көшесінің бойымен солтүстікке қарай теміржол жеріне дейін

1,4

7.

Зашаған кентінің жерлері, солтүстіктен қоса алғанда Деркөл кенті аумағындағы жол торабынан темір жол бойымен Шаған өзеніне дейін, оның оңтүстігіне оң жағалауымен сағасына дейін, Анискино көлі бойымен Жайық өзеніне дейін, Жайық өзені бойымен "Ізденіс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жерінің шекарасына дейін, Меловые горки ауылын қоса одан әрі қала жерінің оңтүстік шекарасы бойымен Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының жеріне дейін, одан әрі Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы жерінің шекарасы бойымен жол торабына дейін

1,4

8.

Деркөл кентінің жерлері, 2-газ тарату стансасын қоса, "Үміт" ауылы, "Белая казарма" аймағы, Деркөл, Шаған өзендері аңғарындағы жерді қоса алғанда, Шаған өзені арқылы өтетін теміржол көпіріне дейін

1,0

9.

Серебряков ауылы, Круглоозерное кенті, Меловые горки ауылы, Желаев ауылының жерлері және басқа да елді мекендері

0,6

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады