Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 22.09.2021 № 8-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 27.04.2020 № 43-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 27.04.2020 № 43-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 27.04.2020 № 43-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 30-6 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3721 тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсанда "Жайық үні – Жизнь города" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С. Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Айтуев |
Мәслихат хатшысы | А. Әубекеров |
Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 39-4 шешіміне қосымша |
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу қағидалары мен мөлшері
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 27.04.2020 № 43-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11324 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.
2–тарау. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1. Шығындарды өтеу мүгедек баланың үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде ай сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізіледі.
2. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі.
3. Шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің психологиялық – дәрігерлік - педагогикалық кеңестің қорытындысында (бұдан әрі –қорытынды) белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі.
4. Төлемдерді тоқтату келесі жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:
1) қорытындыда белгіленген мерзімнің аяқталуы;
2) мүгедек баланың қайтыс болуы;
3) мүгедектікті алып тастау;
4) мүгедек баланың интернат үйі немесе санаториялық мектепте оқу кезеңінде.
5. Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды төлеу жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Орал қаласында тұрақты тұратын тұлғаларға уәкілетті органдармен екінші деңгейдегі банктер арқылы арызда көрсетілген алушының жеке есеп шотына аударылады.
3-тарау. Қорытынды ережелер
7. Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды тағайындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.