"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 102 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 3837 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 853 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 06.12.2016 № 853 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Ж. Каналин

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 102 қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090300, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесі, 60/1 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттін бюджеттік кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) адам және жануарларға ортақ аурулардан денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру және ақпарат алмасуды жүргізу;
      2) аудан аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық шараларының жүргізілуін ұйымдастыру;
      3) халық арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
      16. Функциялары:
      1) облыстық мәслихатқа бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      2) аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жоспарын дайындау және бекіту;
      3) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринарилық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      5) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, олардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      8) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жұмыстарын ұйымдастыру;
      9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жұмыстарын ұйымдастыру;
      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      11) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      12) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөніндегі ұсыныстар енгізу;
      13) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыралатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      14) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      15) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      16) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      18) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      19) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      20) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      21) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      22) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлері кіреді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) малдардың жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру түрлерінің профилактикасы бойынша ветеринариялық іс–шаралары жөнінде жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
      3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін малдардың энзоотикалық ауруларының тізімдемесі бойынша жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
      4) аудан аумағында ветеринарлық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс–шаралар туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізуге;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттер.

3. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәселелерін шешеді;
      6) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағытта дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Бөрлі аудандық ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады