2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 3838 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 28.01.2016 № 42 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 661 "Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-134 тіркелген, 2012 жылғы 30 тамызда "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 505 "Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 661 "Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3305 тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдеде "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сафималиевке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Ж. Каналин

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 100 қаулысына
қосымша

2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби білім алған жұмыссыздар;
      2. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
      3. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
      4. Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері жазғы демалыс кезеңінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады