Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 23-12 "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3753 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінде жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын жиырма бес пайызға көтеру белгіленсін.".
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б. Б. Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Кемелханов |
Мәслихат хатшысы | А. Куликешев |