Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің 20.02.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 102 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің Қызылоба ауылы және Бозоба, Парфель қыстақтары аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қызылоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Д. Еслямғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Н. Бердіғалиев |