Зеленов ауданының жалпы орта білім беретін мектеп және мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын өтеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 895 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қарашада № 4153 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеленов ауданының жалпы орта білім беретін мектеп және мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстары жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М. Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Досжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады