Теректі ауданы Богдановка ауылдық округінің Придорожное ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Богданов ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қарашада № 4140 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Придорожное ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Богдановка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Богдановка ауылдық округінің Придорожное ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Ленина" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Мектеп" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Богдановка ауылдық округі әкімі А. Аубакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады