"Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2016 жылғы 10 ақпандағы № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 ақпанда № 13060 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 22.09.2016 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларының 17-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11194 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықта:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы қағидалардың 7, 8-тармақтарында көрсетілген келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді Эталондық банкке енгізу РҚАО-ға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына (бұдан әрі - № 773 қаулы) сәйкес электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік органдардан жүйеге электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не электрондық-цифрлық жеткізгіште (CD-диск, USB флеш-карта) Microsoft Word (кеңейтілімі doc немесе docх) форматында келіп түседі.»;
      Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымшада:
      1-тармақтың жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-деректемеде – файлдарды бекіту: DOC немесе DOCX форматындағы файлдарды жүктеу (толтырылуы міндетті);»;
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) «№ 773 қаулыға сәйкес нормативтік құқықтық актінің (негізгі, туынды және оған қосымша (лар) мәтіні бар файлдың бірыңғай форматы Microsoft Word форматында (кеңейтілімі doc немесе docx);».
      2. Заңнама департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы                          З.Баймолдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады