Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.";
45-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |