"Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 ақпанда № 13163 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі - үміткерлер) мынадай жағдайларда беріледі:»;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 4-5 және 4-6 тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбектері, оның ішінде:
      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы және (немесе) Қазақстан Республикасында ұсынылған шығармашылық еңбектері;
      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі) немесе шетелде ұсынылған 1 (бір) шығармашылық еңбегі;
      шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы немесе халықаралық конкурсқа, көрмеге, фестивальға, олимпиадаға төраға, қазылар алқасының мүшесі, куратор ретінде кемінде 1 (бір) рет қатысуы;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 4 (төрт) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 4 (төрт) баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым). Даярлаған тұлға (ұжым) ретінде республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаты, жүлдегері есептеледі.
      4-2. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жоқ, бірақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) қарастырылған құрметті атаққа ие болған, осы ұйымда жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі;
      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбектері;
      3) осы Ереженің 4-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқу-әдістемелік құралы/оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым).
      4-3. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) жаттықтырушы-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде: уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он); шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі); шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 4 (төрт) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 4 (төрт) баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым). Даярлаған тұлға (ұжым) ретінде Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпионы немесе жүлдегері, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері.
      4-4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жоқ, бірақ Заңда қарастырылған Қазақстан Республикасының құрметті атағына немесе «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болған және осы ұйымда жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт мамандарына мынадай жағдайларда беріледі:
      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі;
      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы (тезистер емес);
      3) осы Ереженің 4-3-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқу-әдістемелік құралы/оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым).
      4-5. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - әскери қызметшілерге, қызметкерлерге және жұмыскерлерге мынадай жағдайларда беріледі:
      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орнының немесе ғылыми ұйымдарының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында қауымдастырылған профессордан (доценттен) төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз өтілі;
      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 (алты) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.
      4-6. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі дәрежесі жоқ, бірақ полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі:
      1) осы Ереженің 4-5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда жарияланған кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы;
      3) осы Ереженің 4-5-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы немесе оқу (оқу-әдістемелік) құралы.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар үміткерлерге мынадай жағдайларда беріледі:»;
      5-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге мынадай жағдайларда беріледі:»;
      мынадай мазмұндағы 5-2, 5-3, 5-4, 5-5 және 5-6 тармақтармен толықтырылсын:
      «5-2. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған (жасалған), сұратылған мамандық бойынша кемінде 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбегі, оның ішінде:
      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы және (немесе) Қазақстан Республикасында ұсынылған шығармашылық еңбектері;
      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы және (немесе) шетелде ұсынылған 3 (үш) шығармашылық еңбегі;
      шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 3 (үш) баяндамасы немесе халықаралық конкурсқа, көрмеге, фестивальға, олимпиадаға төраға, қазылар алқасының мүшесі, куратор ретінде кемінде 2 (екі) рет қатысуы;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайтын); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған 2 (екі) тұлға (ұжымдар). Даярлаған тұлғалар (ұжымдар) ретінде республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаттары, жүлдегерлері есептеледі.
      5-3. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, Заңда қарастырылған құрметті атаққа ие болған, осы ұйымда жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте кемінде 5 (бес) жыл үзіліссіз өтілі;
      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы және (немесе) шығармашылық еңбегі;
      3) осы Ереженің 5-2 тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқулығы/оның жетекшілігімен даярланған 2 (екі) тұлғасы (ұжымдары).
      5-4. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) жаттықтырушылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде:
      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;
      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы;
      шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 3 (үш) баяндамасы;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайтын); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған 2 (екі) тұлға (ұжымдар). Даярлаған тұлғалары (ұжымдары) ретінде Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпиондары, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпиондары немесе жүлдегерлері есептеледі.
      5-5. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар және Заңда қарастырылған Қазақстан Республикасының құрметті атағына немесе «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болған және осы ұйымда жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) ғылыми және (немесе) жаттықтырушылық-педагогикалық қызметте кемінде 5 (бес) жыл үзіліссіз өтілі;
      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;
      3) осы Ереженің 5-4-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқулығы/оның жетекшілігімен даярланған тұлғасы (ұжымдары).
      5-6. Профессор ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі:
      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 (бес) жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында профессордан немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында профессордан төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз өтілі;
      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайды); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы.»;
      6-тармақ алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нүсіпов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Н. Нүсіповке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                     А. Сәрінжіпов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
      В.З. Жұмақанов __________
      4 ақпан 2016 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      Қ.Н. Қасымов ________________
      ___________ 20___ жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрі
      А. Мұхамедиұлы _____________
      ___________20___ жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      И.Н. Тасмағамбетов _________
      ___________20___ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады