"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 80 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери,
арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын
және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары
1-тарау. Негізгі ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ІІМ-нің әскери, арнаулы оқу орындары) білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Кәсіптік практика және тағылымдаманың түрлері, мерзімдері және мазмұны "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – МЖМС) талаптарына сай академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.08.2023 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Кәсіптік практикалардың және тағылымдамалардың барлық түрлерінің жалпы көлемі кемінде 6 кредитті құрайды. Практикалар және тағылымдамалар көлемі мен еңбек сыйымдылығы БМЖС талаптарына сәйкес есептеледі, практиканың және тағылымдаманың саны мен ұзақтығын әскери, арнаулы оқу орындары жұмыс оқу жоспарларына сәйкес дербес анықтайды.
4. Кәсіптік практика және тағылымдаманы ұйымдастыру және өткізу үшін жауапкершілік әскери, арнаулы оқу орындарының, тиісті ішкі істер органдарының бастықтарына, ғылыми ұйымдардың жетекшілеріне жүктеледі.
5. Шетел мемлекеттерінің азаматтары болып табылатын білім алушылардың кәсіптік практикасы және тағылымдамасы тиісті мемлекеттердің құқық қорғау органдарында, әскери бөлімдерінде, мекемелерінде, кәсіпорындарында өткізіледі.
2-тарау. Әскери оқу орындарында кәсіптік практикадан және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру және өткізу
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту кәсіптік практика мен тағылымдамадан өтуге арналған әдістемелік нұсқауларға (бұдан әрі - әдістемелік нұсқаулар) сәйкес жүзеге асырылады.
7. Әдістемелік нұсқаулар:
1) одан өту жөніндегі жалпы ережелерді;
2) ұйымдастырушылық іс-шараларды;
3) әскери бөлім командирлерінің, кәсіптік практика және тағылымдама басшыларының, сондай-ақ білім алушылардың міндеттерін;
4) кәсіптік практика және тағылымдама кезеңдерін;
5) білім алушылардың кәсіптік практика және тағылымдама жөніндегі есепті дайындауын және қорғауын;
6) әдістемелік ұсынымдарды;
7) кәсіптік практика және тағылымдама бойынша есептік құжаттаманың үлгілерін қамтиды.
8. Әскери оқу орнының бастығы кәсіптік практика және тағылымдамаға дайындық және одан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, білім алушыларды бөледі, кәсіптік практика және тағылымдаманың жетекшісін тағайындайды, жергілікті жерлерде одан өтуін бақылауды ұйымдастырады.
Практикалар және тағылымдамалар базаларының жетекшілері әскери оқу орнының бастығымен бірге кәсіптік практика және тағылымдамадан өту сапасына жауап береді.
9. Кәсіптік практика және тағылымдамадан өту үшін әскери оқу орнының білім алушысына жеке тапсырма, практика және тағылымдама күнделігі беріледі.
10. Білім алушылар практика және тағылымдама базасына келген соң, практика және тағылымдама базалары жетекшілерінің бұйрығымен лауазымға тағайындалады, онда білім алушыларға кәсіптік практика және тағылымдаманың тікелей жетекшілері айқындалады.
11. Сырқаты және басқа да дәлелді себептермен кәсіптік практика және тағылымдамадан өтпеген білім алушылар үшін курспен, біруақытта әскери оқу орны бастығының шешімімен әскери оқу орнының оқу процесін қамтамасыз ету бөліністерінде ұзақтығы күнтізбелік 15-20 күн ішінде одан өту қосымша ұйымдастырылады.
12. Білім алушылар әскери тәртіпті, күн тәртібін өрескел бұзған жағдайда практика және тағылымдама базаларының жетекшілері әскери оқу орны бастығының келісімімен білім алушылардың кәсіптік практикадан және тағылымдамадан өтуін тоқтатады және оларды әскери оқу орнына жібереді.
13. Кәсіптік практика және тағылымдама аяқталған соң әрбір білім алушыға оның практика және тағылымдама базасынан тағайындалған тікелей жетекшісі кәсіптік практика және тағылымдамадан өткені, жеке тапсырманы орындағаны туралы жазбаша сын-пікір жасайды.
14. Сын-пікір әскери оқу орнынан тағайындалған кәсіптік практика және тағылымдама жетекшісімен келісіледі, оны практика және тағылымдама базасының жетекшісі бекітеді.
3-тарау. Арнайы оқу орындарында кәсіптік практикадан және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру және өткізу
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Кәсіптік практика және тағылымдама академиялық күнтізбеге, жұмыс оқу жоспарларына және әдістемелік нұсқауларға сәйкес ұйымдастырылады.
16. Арнаулы оқу орындарының сырттай оқу нысанында білім алушылар мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда кәсіптік практикадан және тағылымдамадан өтуден босатылады. Олар арнаулы оқу орнына жұмыс орнынан анықтама және тиісті қызмет бастығы қол қойған, олардың кәсіптік қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.
Сырттай оқу нысанының мамандығы бойынша жұмыс істемейтін білім алушылары арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен негізгі функционалдық міндеттерін орындаудан бос уақытта кәсіптік практикаға және тағылымдамаға жіберіледі.
17. Кәсіптік практика және тағылымдамаға жіберу мерзімдерін, практика және тағылымдама базаларын, арнаулы оқу орындарынан тағайындалған кәсіптік практика және тағылымдама жетекшілерін көрсете отырып, арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен ресімделеді.
18. Арнаулы оқу орындары білім алушыларды кәсіптік практика және тағылымдамаға жіберер алдында ішкі істер органдарына кәсіптік практиканы және тағылымдаманы өткізу мерзімдері, білім алушылардың саны және олар практикадан және тағылымдамадан өтетін нақты лауазымдары туралы уақтылы хабарлайды.
Арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен практиканың және тағылымдаманың ерекшелігіне сәйкес арнаулы оқу орындары кафедраларының және тиісті бөліністерінің профессорлық-оқытушылық құрамының тәжірибелі өкілдері қатарынан практика және тағылымдама жетекшілері тағайындалады.
Бітіртіп шығаратын кафедралар білім алушыларды әдістемелік нұсқаулармен, практика және тағылымдама күнделігімен қамтамасыз етеді.
19. Әдістемелік нұсқауларды бейінді кафедралар дайындайды, оларды оқу-әдістемелік кеңестің отырыстарында қарайды және арнаулы оқу орны ғылыми кеңесінің шешімімен бекітеді.
20. Әдістемелік нұсқаулар:
1) жалпы ережелерді;
2) кәсіптік практика және тағылымдаманың оқу, тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерін;
3) кәсіптік практика және тағылымдаманың кезеңдерін;
4) ұйымдастырушылық іс-шараларды, ішкі істер органдары жетекшілерінің және кәсіптік практика және тағылымдама жетекшілерінің, сондай-ақ білім алушылардың міндеттері мен құқықтарын;
5) алдағы кәсіптік практика және тағылымдаманың бейіні бойынша тапсырмаларды, әдістемелік нұсқауларды, оларды орындау мерзімдерін;
6) білім алушылардың практика және тағылымдама бойынша есебін дайындау тәртібі мен қорғау мерзімдерін, есептік материалдардың мазмұнына қойылатын талаптарды;
7) кәсіптік практика және тағылымдама бойынша есептік құжаттаманың үлгілерін қамтиды.
21. ІІМ арнаулы оқу орнынан тағайындалған кәсіптік практиканың және тағылымдаманың жетекшісі білім алушылармен консультациялар өткізеді, кәсіптік практика және тағылымдама бойынша есептерді тексереді, білім алушыларды практика және тағылымдаманы қорғауға жіберу туралы анықтама әзірлейді, оны кафедра бастығына ұсынады.
22. Арнаулы оқу орындары білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын белгіленген мерзімде және әдістемелік нұсқауларға сәйкес ұйымдастыруды және өткізуді бақылайды.
23. Ішкі істер органдарының басшылары білім алушылардың кәсіби практикадан және тағылымдамадан өтетін бөліністерін анықтайды, неғұрлым дайындалған, осы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар, жоғары іскерлік және моральдық қасиеттерге ие қызметкерлер арасынан тағайындалған практиканың және тағылымдаманың тікелей жетекшілерін бұйрықпен бекітеді; осы бұйрықпен білім алушыларды практика және тағылымдама жетекшілеріне бекітеді (бір қызметкерге кемінде үш адам), ол туралы тиісті жоғары оқу орнына 3 жұмыс күні ішінде хабарланады, білім алушыларға практика және тағылымдамадан өту кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты лауазымда олардың міндеттерді орындауын растайтын жеке басын куәландыратын құжатқа жапсырмаларды уақтылы ресімдеуді және беруді ұйымдастырады.
Білім алушыларды бөліністің жеке құрамына таныстырады, олардың құқықтық жағдайларын, білім алушылардың өз міндеттерін орындауы кезіндегі практика және тағылымдама жетекшілерінің және бөліністің басқа да қызметкерлерінің рөлі мен орнын түсіндіреді.
Кәсіптік практика және тағылымдамадан өтуін бақылауды, практика және тағылымдаманы қорытындылауды, практика және тағылымдама нәтижелерін жинақтауды және талдауды, оны жетілдіру бойынша ұйғарымдар әзірлеуді ішкі істер органдарының басшысы жүзеге асырады.
24. Кәсіптік практикадан және тағылымдаман өтуге келген соң, білім алушылар ішкі істер органының практика және тағылымдама базасының жетекшісімен бірлесіп, әдістемелік нұсқаулар негізінде жеке жоспар әзірлейді.
Жеке жоспарды ішкі істер органының практика және тағылымдама базасының жетекшісі бекітеді.
25. Практика және тағылымдама базасынан тағайындалған тікелей жетекші жеке жоспардың орындалуын күн сайын бақылайды, білім алушыға кәсіптік практика және тағылымдамадан өту бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, учаскедегі (объектідегі, аудандағы) жедел жағдаймен, орындалатын жұмыстың сипатымен және ерекшеліктерімен таныстырады, білім алушының жұмысын тұрақты есепке алуды және бағалауды, оның тиісті құжаттаманы жүргізуін, білім алушылардың іскерлік және жеке қасиеттерін зерделеуді, кәсіптік практика және тағылымдама аяқталуына кемінде 3 жұмыс күні қалғанда білім алушыға мінездеме жасап, оны ішкі істер органының басшысына бекітуге ұсынады.
26. Білім алушының мінездемесінде жеке жоспарды орындау сапасы, білім алушының лауазымдық міндеттерді орындауға дайындық деңгейі, нормативтік құқықтық құжаттарды білуі және оларды жұмыста қолдана білуі, жедел-қызметтік құжаттарды жасау дағдысының бар-жоғы, арнайы техникалық құралдарды сауатты қолдана білуі, ұйымдастырушылық қабілетінің бар-жоғы, моральдық-ерік жігері, атқарушылығы, тәртіптілігі, жалпы мәдени даму деңгейі, білім алушыны қызметте пайдалану бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
Мінездемеде практика және тағылымдаманың тікелей жетекшісі практикаға және тағылымдама үшін баға қояды.
Ішкі істер органынан тағайындалған практика және тағылымдаманың жетекшісі білім алушы жасаған және қол қойылған құжаттардың шынайылығын және білім алушыға қойылған бағаның әділдігін қамтамасыз етеді.
5-тарау. Кәсіптік практика мен тағылымдаманың қорытындысын шығару
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. Кәсіптік практика және тағылымдаманың қорытындысы бойынша білім алушылар тиісті кафедраға практика және тағылымдама бойынша есепті ішкі істер органының және әскери бөлімнің практика және тағылымдама жетекшісі берген мінездемемен (сын-пікір) бірге ұсынады.
Практика және тағылымдама бойынша есепті әскери, арнаулы оқу орындарынан тағайындалған практика және тағылымдама жетекшісі тексереді және оны комиссия отырысында қорғайды.
28. Комиссия құрамына әскери, арнаулы оқу орнынан тағайындалған практика және тағылымдама жетекшісі, бітіртуші кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы кіреді. Сондай-ақ комиссия құрамына ішкі істер органдарының практикалық бөліністерінің тәжірибелі қызметкерлері тартылады.
Комиссия төрағасы әскери, арнаулы оқу орындарының бітіртуші кафедраларының бастықтары қатарынан сайланады. Комиссияның құрамы 5 адамнан аспайды.
Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің кемінде үштен екі дауысы болған жағдайда көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда
29. Практика және тағылымдаманы қорғау қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіптік практика және тағылымдаманы қорғау хаттамасы толтырылады.
30. Кәсіптік практика және тағылымдама бойынша қорытынды баға үлес салмағы қорытынды бағаның 60 % құрайтын ішкі істер органдарынан тағайындалған практика және тағылымдама жетекшісінің бағасын және үлес салмағы қорытынды бағаның 40% құрайтын әскери, арнаулы оқу орнынан
тағайындалған практика және тағылымдама жетекшісі ұсынған есепті қорғау бойынша бағасын ескере отырып, қойылады.
Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағаланады.
Кәсіптік практика және тағылымдама бойынша есепті қорғау қорытындысы қорытынды бақылау ведомосына енгізіледі.
Кәсіптік практиканың және тағылымдаманың қорытындысы әскери, арнаулы оқу орындарының тиісті факультеттерінде, кафедраларында талқыланады. Практиканы және тағылымдаманы жалпы қорытындылау ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарының оқу-әдістемелік кеңесінде жүргізіледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 № 632 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
№ __________________________________ жеке басын куәландыратын құжатқа
ЖАПСЫРМА
курсант _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)), арнаулы атағы)
_________________________________________________________ лауазымдағы
____________________________________________________________________
(ішкі істер бөліністерінің, мекеменің, органның және лауазымның атауы)
практиканты болып табылады.
ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД, Кадр бөлінісінің бастығы
____________________________________________________________________
(арнаулы атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
20__ жылғы "_____" ____________
Жеке куәлікті көрсеткен кезде _________________________
(жеке қолы)
20___ жылғы "______" _________________ дейін жарамды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Кәсіптік практиканы және тағылымдаманы қорғау хаттамасы
№ |
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Практика және тағылымдамадан өту орны, лауазымы | Практика және тағылымдама жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы | Практиканы және тағылымдаманы қорғау нәтижелері |
Комиссия төрағасы: ______________________________________
Практика және тағылымдама жетекшісі: ____________________
Комиссия мүшелері: ______________________________________