Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазанда № 24865 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеудің қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 14 қазандағы
№ 632 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 № 830 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 969 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12471 болып тіркелген):

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларында:

      6-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің штабына, сондай-ақ Әкімшілік полиция комитетінің аналитикалық бөлінісіне комитеттер басшылығының, аумақтық органдар, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.

      Өңірлік Полиция департаменттері, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аппараттарындағы штабтарға қалалық, аудандық бөліністердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.".

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1094 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12713 болып тіркелген):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары қоса беріліп отырған Қағидалардың талаптарын зерделеуді және орындауды қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.".

      4. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13134 болып тіркелген):

      осы бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 80 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13202 болып тіркелген):

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларында:

      1-қосымша Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 № 830 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. "Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 болып тіркелген):

      осы бекітілген Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінде:

      10-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы бұйрықтың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін кандидатқа:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссияларға (бұдан әрі – ӘДК) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту үшін жолдама беріледі.

      Кандидаттың медициналық куәландыру нәтижелері туралы ӘДК үш күндік мерзімде ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметіне хабарлайды;";

      20-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
қосымша

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Ішкі істер органдары туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнаулы оқу орындарының (бұдан әрі – ІІМ жоғары оқу орындары) магистратурасына және докторантурасына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

      3. ІІМ жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарының контингентін қалыптастыру жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

      4. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына, докторантурасына оқуға кандидаттарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      5. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және докторантурасына қабылдау даярлау бағыттарын көрсете отырып, құжаттарды қабылдау күнінен күнтізбелік он бес күн бұрын жоғары оқу орындарының Интернет-ресурстары, республикалық және облыстық мерзімді баспасөз басылымдары, теле-радио арналары арқылы жарияланады.

      6. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және докторантурасына түсушілердің құжаттарын қабылдау қабылдау комиссиясымен және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін жүргізіледі.

      ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және докторантурасына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін жүргізіледі, оқуға қабылдау - күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін.

2-тарау. Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

      7. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына жоғары білім беру бағдарламаларын игерген оқуға кандидаттар қабылданады.

      Бұл ретте бейіндік бағыт бойынша магистратура қажетті іскерлік қабілетке ие және жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту үшін резервте тұрған ішкі істер органдары қызметкерлерімен, әскери қызметшілерімен жасақталады.

      Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер қабылданады.

      8. Докторантураға ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген (бейінді магистратураның түлектері педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламаларын меңгергені туралы куәлігі болған жағдайда) және "7М12301 – Құқық қорғау қызметі" білім беру бағдарламасы бойынша "ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі", "заң ғылымдарының магистрі" дәрежесі бар, құқық қорғау органдарындағы практикалық жұмыс өтілі бар немесе ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері қабылданады.

      9. ІІМ жоғары оқу орындарында құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметін басқаратын ІІМ жоғары оқу орнының бастығы болып табылады.

      Қабылдау комиссиясының құрамы және оның хатшысы ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және тақ санды құрайды.

      Қабылдау комиссиясы төрағадан, хатшыдан және кемінде үш комиссия мүшесінен құралады.

      Қабылдау комиссиясының хатшысы ретінде ІІМ жоғары оқу орнының қызметкері тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Қабылдау комиссиясының шешімдері еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді және бекітілген құрамның кем дегенде үштен екі бөлігі болған жағдайда көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      10. Магистратураға немесе докторантураға оқуға кандидаттар ішкі істер министрінің орынбасары (бұдан әрі – Министрдің орынбасары), аумақтық ІІО, ІІМ оқу орны басшысының атына еркін нысанда баянат береді.

      11. Магистратураға және докторантураға оқуға кандидаттарды іріктеу үшін Ішкі істер министрінің, аумақтық ІІО және ІІМ оқу орны басшысының бұйрығымен іріктеу комиссиялары құрылады.

      Іріктеу комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан құралады. Комиссияны төраға басқарады. Іріктеу комиссиясының төрағасы болып Министрдің орынбасары, аумақтық ІІО, ІІМ оқу орны бастығының орынбасары тағайындалады.

      Іріктеу комиссиясының хатшысы болып кадр қызметінің қызметкері тағайындалады.

      Іріктеу комиссиясы ІІМ, аумақтық ІІО қызметтерінің және оқу және ғылыми қызметті жүзеге асыратын ІІМ жоғары оқу орнының құрылымдық бөліністерінің бастықтарынан және конкурстық комиссия төрағасының шешімі бойынша штаттық қызметкерлерден тұрады.

      12. Іріктеу комиссиясы осы Қағидаларды, сондай-ақ магистратураға және докторантураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, күнтізбелік жылдың 3 шілдеге дейін оқуға кандидаттарға ұсынылған құжаттарды зерделейді, кандидаттардың қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.

      13. Іріктеу комиссиясының нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді және бекітілген құрамның кем дегенде үштен екі бөлігі болған жағдайда көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      14. Кадр қызметтері ІІМ жоғары оқу орындарына магистратураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:

      оқу ісі, ол:

      оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянатынан;

      қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағынан;

      іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесінен;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;

      осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесінен (бар болса);

      кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағынан;

      өлшемі 3х4 сантиметр алты фотосуреттен;

      ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімінен (бар болса) тұрады.

      15. Кадр қызметтері ІІМ жоғары оқу орындарына докторантураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:

      оқу ісі, ол:

      оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянатынан;

      қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездемеден және аттестаттау парағынан;

      іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесінен;

      кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағынан;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;

      білімі туралы құжаттың көшірмесінен;

      өлшемі 3х4 сантиметр алты фотосуреттен;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесінен;

      осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесінен (бар болса);

      ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімінен (бар болса) тұрады.

3-тарау. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

      16. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және докторантурасына оқуға түсетін оқуға кандидаттар:

      1) шет тілінен (таңдауы бойынша ағылшын, неміс, француз);

      2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтихандарын тапсырады.

      Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтиханға шет тілінен кемінде 30 балл алған үміткерлер жіберіледі.

      17. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификатқа ие магистратураға оқуға кандидаттар мынадай шет тілі бойынша тестіден босатылады:

      ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6,0;

      IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 6,0;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 543;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБиТи), шекті балл – кемінде 60;

      Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг), TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПиБиТи) шекті балл – кемінде 498;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);

      француз тілі: Test de Franзais International™ (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

      Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификатқа ие докторантураға мынадай шет тілі бойынша тестіден босатылады:

      ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5,5;

      IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 5,5;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 460;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБиТи), шекті балл – кемінде 46);

      Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) (TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПиБиТи) шекті балл – кемінде 453;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

      француз тілі: Test de Franзais International™ (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

      18. Шет тілдері бойынша түсу емтихандарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын шет тілдері бойынша түсу емтихандарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

      19. Магистратураға және докторантураға түсушілер үшін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханы білімінің алдыңғы білім деңгейінің білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханын өткізу нысанын жоғары оқу орны дербес айқындайды.

      20. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан комиссиясы ІІМ жоғары оқу орындарының доктор немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, немесе тиісті бейін бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі бар қызметкерлері қатарынан құрылады және төрағадан, хатшыдан және үш мүшеден тұрады.

      Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан комиссиясының құрамы және емтиханды өткізу нысаны ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      21. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.

      22. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспегендердің өтініштерін қарастыру үшін апелляциялық комиссиялар құрылады.

      Апелляциялық комиссиялардың құрамы төрағадан, хатшыдан, екі комиссия мүшесінен тұрады және ІІМ жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      Апелляциялық комиссиялар ІІМ жоғары оқу орындарының, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлері қатарынан құрылады.

      23. Апелляциялық комиссия магистратураға және докторантураға түсетін оқуға кандидаттардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

      24. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер қабылдау емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      Апелляциялық комиссия әрбір кандидатпен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Кандидат апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

      25. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген кандидат жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      26. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссиялардың жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді (еркін нысанда).

4-тарау. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және докторантурасына қабылдау

      27. Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды ІІМ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

      28. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және докторантурасына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша екі түсу емтиханы бойынша 130 балдан кем емес балл жинаған кандидаттар қабылданады.

      Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар оқуға кандидаттарға бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

      29. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханынан ең жоғары баға алған оқуға кандидаттарға беріледі, егер білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған кандидаттарға беріледі. Содан кейін таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.

      30. Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде ІІМ жоғары оқу орнының бастығы оқуға кандидаттарды аумақтық ІІО-дан жоғары оқу орнының қарамағына жіберу үшін негіз болып табылатын магистратураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      31. ІІМ жоғары оқу орындары бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығынан үзінді көшірмелер оған қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей оқуға кандидатты жіберген аумақтық ІІО-ға жіберіледі.

      Аумақтық ІІО күнтізбелік он күн ішінде оқуға түскен қызметкерлердің жеке істерін білім беру ұйымдарына жолдайды.

      32. Магистратураға және докторантураға оқуға қабылданбаған оқуға кандидаттардың оқу істері және басқа да құжаттары жасақтау орны бойынша кері қайтарылады.

      33. ІІМ жоғары оқу орындары күнтізбелік он күн ішінде ІІМ-нің кадр қызметіне қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ магистратураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсыну үшін ұсынады.

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру бағдарламаларын
іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
арнаулы оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасы

      Орны                   №____                   Күні_____

      Қатысқандар: төраға, іріктеу комиссиясы мүшелері

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ____________________________________________________________________

      аумақтық ІІО атауы, атқаратын лауазымы)

      Комиссия мүшелері:_____________________________________________

      Күн тәртібі: ІІМ жоғары оқу орындары магистратурасына,

      докторантурасына түсетін кандидаттардың құжаттарын қарау

      1. Кандидат _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      2. Сұрақтар:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Кандидат _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      дауыс беру нәтижелері бойынша ІІМ жоғары оқу орындары _________________

      (керектің астын сызыңыз)

      магистратурасына, докторантурасына оқуға жіберуге ұсынылады/ұсынылмайды.

      Төраға _________________________ (қолы)

      Комиссия мүшелері ______________(қолы)

      ____________________(қолы)

      Хатшы _________________________(қолы)

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру бағдарламаларын
іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
арнаулы оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жоспарланған диссертациялық зерттеулер бойынша негіздеме

      1. Оқуға кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), арнайы атағы, лауазымы.

      2. Болжамды отандық немесе шетелдік консультанттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс істейтін жоғары оқу орны.

      3. Жоспарланған диссертациялық зерттеудің тақырыбы.

      4. Жоспарланған диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.

      5. Ғылыми проблеманың әзірлену деңгейі.

      6. Жоспарланған диссертациялық зерттеудің мақсаттары және міндеттері.

      7. Жоспарланған диссертациялық зерттеу объектісі мен мәні.

      8. Жоспарланған диссертациялық зерттеу әдіснамасы.

      9. Диссертациялық зерттеулерден күтілетін нәтижелер, олардың теориялық және практикалық маңыздылығы. Оларды енгізудің және апробация жасаудың болжамды бағыттары.

      _________________________________________

      (оқуға кандидаттың қолы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      Келісілді ____________________________________

      (ғылыми консультанттың қолы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру бағдарламаларын
іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
арнаулы оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
3-қосымша

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквиваленті

Балдар (%-дық құрамы)

Дәстүрлі жүйе
бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы (5)

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы (4)

В

3,0

80-84

В -

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық (3)

С -

1,67

60-64

D +

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

F

0

0-25

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарында білім
алушылардың кәсіптік
практикасын және
тағылымдамасын ұйымдастыру
және одан өту қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      № __________________________________ жеке басын куәландыратын құжатқа

ЖАПСЫРМА

      курсант _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)), арнаулы атағы)

      _________________________________________________________ лауазымдағы

      ____________________________________________________________________

      (ішкі істер бөліністерінің, мекеменің, органның және лауазымның атауы)

      практиканты болып табылады.

      ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД, Кадр бөлінісінің бастығы

      ____________________________________________________________________

      (арнаулы атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      20__ жылғы "_____" ____________

      Жеке куәлікті көрсеткен кезде _________________________

      (жеке қолы)

      20___ жылғы "______" _________________ дейін жарамды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады