БҰЙЫРАМЫН:
1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 22 тамыздағы № 655 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы Консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12553 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы Консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ережеде:
45-3 және 45-4 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"45-3. Егер өтінішті қарау өзге мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен құзыретіне жатқан жағдайда өтініш тиістілігі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте (бұдан әрі - ӘРПК) белгіленген тәртіппен және мерзімде тиесілігі бойынша жолданады.
45-4. Келіп түскен өтініштер Консультативтік-кеңесші органға келіп түскен күнінен бастап ӘРПК белгіленген мерзімде қаралады.".
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13148 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Оқу үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (бұдан әрі - МЖМС), білім беру бағдарламаларын алушылардың меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.".
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13135 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындауды автор (авторлық ұжым немесе әзірлеушілер "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – МЖМС), оқу пәні (пәндері) бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырады.".
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13141 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларында:
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Академиялық кезеңнің ұзақтығын ЖОО "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес дербес белгілейді.".
5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары" 2016 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің № 80 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13202 болып тіркелген):
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларында
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кәсіптік практика және тағылымдаманың түрлері, мерзімдері және мазмұны "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – МЖМС) талаптарына сай академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады.".
6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2021 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23230 болып тіркелген):
Преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің мәселелерінің" 15-тармағының 102) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".