"Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13245 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 қаңтарда № 11395 болып 2015 жылғы 17 қыркүйекте тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларында:
      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) отандық тасымалдаушы – «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация), портал арқылы не мемлекеттік кіріс органдарына;»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Тасымалдаушы Арнайы рұқсат алу (ұзарту) үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті ұсынады:
      1) отандық тасымалдаушы – Мемлекеттік корпорациясы, портал арқылы не мемлекеттік кіріс органдарына;
      2) шетелдік тасымалдаушы – уәкiлетті органға немесе мемлекеттік кіріс органдарына жүгiнуі тиіс.»;
      40-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы жағдайда, арнайы рұқсатты беру жүзеге асырылмайды.".
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                         Ә. Исекешев 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________________Б. Сұлтанов
2016 жылғы 28 қаңтар 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________________Е. Досаев
2016 жылғы 29 қаңтар 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________________Қ. Қасымов
2016 жылғы 28 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады