Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13320 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 174/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.07.2019 № 174/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушысы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 128 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу,
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы
мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасы
электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру тәртібін анықтайды.

      2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік органдар "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру кезінде мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің тіркеу коды – "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында тіркеу нәтижелері бойынша ақпараттық жүйеге берілген бірегей сәйкестендіру нөмірі;

      2) техникалық құжаттама – ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және бағдарламалық өнімге, оның ішінде сервистік бағдарламалық өнімге арналған, техникалық тапсырманы, жобалауға арналған тапсырманы, пайдалану құжаттамасы мен өзге де құжаттаманы қамтитын құжаттамалар жиынтығы;

      3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер;

      4) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің есеп коды – әрбір ақпараттандыру объектісіне берілетін бірегей сәйкестендіру нөмірі, оны есепке алу "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында жүзеге асырылады;

      5) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі - архитектуралық портал) – ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді тіркеуді жүзеге асыруға, есепке алуға, сақтауға және бір жүйеге келтіруге және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы (бұдан әрі - сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін заңды тұлға.

2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу тәртібі

      5. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға енгізу мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында тіркеуге негіз болып табылады.

      6. Мемлекеттік орган мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға арналған мемлекеттік инвестициялық жобаның жобалау құжаттамасы бекітілгеннен және (немесе) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға енгізуден кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін архитектуралық порталда тіркеуді қамтамасыз етеді.

      7. Мемлекеттік орган сервистік интеграторға мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін архитектуралық порталда тіркеу жөнінде мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің сипаттамасы көрсетілген сұрау салу береді және мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады:

      1) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға енгізу актісі;

      2) техникалық құжаттама.

      8. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін архитектуралық порталда тіркеу жөнінде мемлекеттік органнан сұрау салу келіп түскен кезде сервистік интегратор сұрау салуды осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасының толықтығына қатысты тексереді.

      Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, сервистік интегратор сұрау салу берілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің тіркеу кодын тағайындаумен мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін архитектуралық порталда тіркейді.

      Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, сервистік интегратор сұрау салу берілген күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей айқындалған сәйкессіздіктерді жою үшін сұрау салуды мемлекеттік органға қайтарады. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін әкімші осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ақпараттық жүйені архитектуралық порталда тіркеуге сұрау салу ұсынады.

3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері
туралы мәліметтерді есепке алу тәртібі

      9. Мемлекеттік орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес архитектуралық порталда есепке алуға жататын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді архитектуралық порталда есепке алуды қамтамасыз етеді.

      10. Архитектуралық порталда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің сипаты көрсетілген "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуға сұрау салу ұсынады және Қағидаларға қосымшаға сәйкес архитектуралық порталда есепке алуға жататын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы есепке алу үшін қажетті мәліметтерді береді.

      11. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуға сұрау салу берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сервистік интегратор "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің есеп кодын тағайындаумен мемлекеттік орган ұсынған мәліметтерді архитектуралық порталда есепке алуды қамтамасыз етеді.

      12. "Электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу мақсатында мемлекеттік орган архитектуралық порталдағы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді тұрақты негізде есепке алуды жүргізу және мәліметтерді уақытылы өзектілендіруді қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді белгілейді.

4. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері
техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру
тәртібі

      13. Мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін архитектуралық порталда орналастыруды қамтамасыз етеді.

5. Қорытынды ережелер

      14. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің иесі немесе иеленуші (бұдан әрі - иесі немесе иеленуші) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналастырылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін уақытылы өзектілендіруді қамтамасыз етеді.

      15. Иесі немесе иеленуші "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді мына жағдайларда өзнектілендіруді жүзеге асырады:

      1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне өзгерістер енгізген кезде;

      2) иесі, иеленуші немесе сервистік интегратор архитектуралық порталда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы белгілі мәліметтердің жоқ болуын және (немесе) дұрыс емес мәліметтердің болуын айқындаған кезде.

      Иесі немесе иеленуші "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді өзгерткен немесе олардың жоқ болуын айқындаған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей архитектуралық порталдағы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді өзнектілендіруді қамтамасыз етеді.

  Мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелерін тіркеу, "электрондық
үкіметтің" ақпараттандыру объектілері
туралы мәліметтерді есепке алу және
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру
объектілері техникалық құжаттамасының
электрондық көшірмелерін орналастыру
қағидаларына қосымша

Архитектуралық порталда есепке алуға жататын "электрондық
үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер

      1. Мемлекеттік органның құрылатын немесе тәжірибелік пайдалануға енгізілетін ақпараттық жүйесі туралы жалпы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйе шеңберінде қалыптасатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтер;

      2. Мемлекеттік органның құрылатын немесе тәжірибелік пайдалануға енгізілетін ақпараттық жүйесі туралы техникалық мәліметтер;

      3. Электрондық ақпараттық ресурстар туралы жалпы мәліметтер;

      4. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтамасыз етуінің инвентарлық тізбесі және оның сипаттамасы;

      5. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы компоненттерінің инвентарлық тізбесі және сипаттамасы;

      6. Конкурс тәсілімен ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды жариялау туралы мәлімет;

      7. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу туралы мәліметтер;

      8. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуы және қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою нәтижелері туралы мәліметтер;

      9. Ақпараттандыру объектілерін есепке алу немесе есепке алу объектілерімен басқа операциялар туралы мәліметтер;

      10. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы мәліметтер және қол жеткізілген нәтижелерді сипаттау;

      11. Техникалық және жобалау құжаттаманы бекіту және оларға өзгерістер енгізу туралы мәліметтер;

      12. Ақпараттандыру объектілерін пайдалануға енгізу туралы мәліметтер;

      13. Ақпараттандыру объектілерін және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақатн өткізу және аттесттатау туралы мәліметтер;

      14. Ақпараттандыру объектілерін пайдалануды тоқтату туралы мәліметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады