"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 наурызда № 13401 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.03.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 12 мамырда № 11030 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 науырыздан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 5 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________Е. Досаев

      2016 жылғы 1 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 254 бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) Коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн.

      Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

      1-кезең: келісетін органдардың оң қорытындысымен бірге көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауы – 22 күнтізбелік күн;

      2-кезең: көрсетілетін қызметті алушыны әскери есептен шығару және әскери билетті тапсыру (Қазақстан Республикасының әскери міндеттілер азаматтары үшін), Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын орны бойынша тіркеуден шығару не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы шешімді беру – 7 күнтізбелік күн;

      3-кезең: хабарлама түрінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 1 күнтізбелік күн.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексiнiң (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінен 100 пайызды құрайды.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет алуға өтінішті берген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден сенбiге дейін сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші қабылдауды кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырады.

      2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

      Мемлекеттік корпорацияда қабылдау жедел қызмет көрсетусіз немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы электронды кезекті брондаумен "электронды кезек" тәртібінде көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкiлдерi (ата-анасы, қамқоршылары, қорғаншылары) жеке өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар өкілдікке өкілеттікті растайтын құжаттар (балалар және сот әрекетсіз деп таныған азаматтар үшін) ұсынады:

      1 - кезең:

      1) өтiнiш-сауалнама осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлiгi, паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі). Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың жасына қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресімделеді;

      3) шығатын адамдардан заң бойынша алименттер алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардан (ата-анасы және егер бiрлескен некеден кәмелетке толмаған балалары болса, бұрынғы жұбайлары) олардың шығуына қарсылығы жоқ екенi туралы нотариалды куәландырылған өтiнiш. Көрсетілетін қызметті алушы қандай да бiр себептермен мұндай өтiнiштердi ала алмаған жағдайларда мәселе сот тәртiбiнде шешiледi;

      4) қамқоршылық және қорғаншылық органдарының шығу туралы шешiм қабылдау кезiнде он жасқа толған баланың пiкiрiн ата-анасының не өзге де заңды өкiлдердiң есепке алуы туралы қорытынды;

      5) 18 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) бiрiмен бiрге тұрақты тұрғылықты тұруға шығуы кезiнде - Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсiнiң нотариалды куәландырылған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде кәмелетке толмаған баланың шығуы сот тәртiбiмен шешiлуi мүмкiн;

      6) бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн, ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, растайтын құжаттың көшiрмесі.

      7) көрсетілетін қызметті алушының өтiнiшi бойынша осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көрсетiлген адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында тiркеуi жоқ екенi туралы ақпаратты "Жеке тұлғалар" Мемлекеттiк деректер базасының мәлiметтерi негiзiнде көрсетілетін қызметті беруші осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады;

      барлық құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлеуді растайтын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

      2 - кезең:

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға екі жұмыс күні ішінде есептен:

      әскери есептен және әскери билетті тапсыруға (Қазақстан Республикасының әскери міндеттілер азаматтары үшін);

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын орны бойынша тіркеуден шығу үшін жолдама береді.

      Қазақстан Республикасының азаматтары әскери есептен шығару және әскери билетті тапсыру (Қазақстан Республикасының әскери міндеттілер азаматтары үшін) үшін жергілікті әскери басқару органына жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорация қызметкеріне екі жұмыс күні ішінде әскери есептен шығарылғаны және әскери билеттi тапсырғаны туралы анықтама ұсынады.

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару үшін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

      3 - кезең:

      мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне) көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүзеге асырады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      10. Егер:

      1) мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бiлсе және өзiнiң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу фактiсi туралы тиiстi уәкiлеттi органдарға хабарламаса – осы мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылғанға дейiн;

      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алынған не күдікті, айыпталушы ретінде жауапқа тартылған болса, не оған қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса – іс бойынша шешім шығарылғанға немесе сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;

      3) қылмыс жасағаны үшiн сотталса – жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейiн;

      4) өзiне сот жүктеген мiндеттердi орындаудан жалтарса – осы мiндеттемелер тоқтатылғанға дейiн;

      5) мерзiмдi әскери қызметiн өткерiп жатса – осы қызметтi өткеру аяқталғанға дейiн немесе "Әскери қызмет және әскери қызметшiнiң мәртебесi туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес одан босатылғанға дейiн;

      6) Қазақстан Республикасынан шығу үшiн құжаттар ресiмдеу кезiнде өзi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер хабарласа – бас тарту үшiн негiз болған себептердi жойғанға және шынайы мәлiметтер ұсынғанға дейiн;

      7) азаматтық сот iсiн жүргiзуде жауапкер болып табылса – сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн;

      8) салықтық берешегi болса, оған мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының,
Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның не Министрліктің лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 1, мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына телефон: 8 (172) 71-40-33, 71-40-03 беріледі.

      Шағым жазбаша түрде пошта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (еркі бойынша), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма қол, сондай-ақ пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш білдіргені туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті пысықтау барысында жаңартады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар

      13. Тіршілік-тынысы шектелген организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушы қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгінуі арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып жүргізеді.

      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында – "Министрлік туралы" бөлімінде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  "Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      нысан

Мемлекеттік органның бланкісі

      Хабарлама ____________________ тұрақты тұрғылықты жерге шығуына

      құжаттарды ресімдеуіне байланысты азамат (ша) _______________________

      (шығу елі көрсетілсін) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      көрсетілсін)

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша 201___

      жылғы " "___________ тіркеуден шығарылғанын хабарлаймын.

      Онымен бірге балалары: ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні көрсетілсін)

      барады.

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері

      бойынша тіркеуден шығарған сәттен бастап шығуды 3 ай ішінде жүзеге

      асыруы қажет. Кері жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық

      бұзушылық туралы кодексінің 492-бабына сәйкес тіркеусіз тұрғаны үшін

      жауапкершілік басталады. Көрсетілген мерзімде шығу мүмкін болмаған

      жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қалпына келтіру қажет.

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көші-қон полициясы

      бөлінісі лауазымды адамының қолы)

      М.О.

      Орындаушы: __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефоны __________

      Алдым: ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін

      қызметті алушының қолы)

      20__ жылғы "___" _________

  "Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

      нысан

САУАЛНАМА–ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________

      егер басқа тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) болса, оларды

      көрсетіңіз

      _____________________________________________________________________

      туған күні, айы, жылы және жері

      _____________________________________________________________________

      тұрақты тұрғылықты жері)

      Паспорт № _______ ___________________ 20 ж. __________

      Жеке куәлік № _____________ 20 ж. ____________________

      ЖСН __________________________________________________

      Ұлты _________________________________________________

      Телефондары: үй. ____________ жұмыс ____________ ұялы _______________

      Маған_______________________________________________________мекенжайы

      (тұрғылықты жерінің тіркелген мекенжайы көрсетілсін)

      бойынша тіркеуден ала отырып,

      _____________________________________________________________________

      тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығу үшін құжаттар

      ресімдеуді сұраймын.

      Біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларыма шығуға

      құжаттарды ресімдеуді сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

Паспорт №





      ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

      (ата-анасы, жұбайлары (оның ішінде бұрынғы), балалары)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туыстық дәрежесі

(егер қайтыс болса қайтыс болғаны туралы куәлік қоса беру)

Туған жылы мен жері

Болған елі және тұрғылықты жерінің мекенжайы

Жұмыс орны

Неке (лерді) тіркеу орны тіркелген некесі (лері) бар адамдар үшін








      Мемлекет соңғы 5 жыл ішіндегі қызметі (әскері қызметін қоса алғанда)

Түскен және босаған жылы

Кәсіпорының, мекеменің атауы

Кәсіпорының, мекеменің мекенжайы

Жұмыс орны

Лауазымы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсаты бар/жоқ, оның ішінде бұрынғы жұмыс (қызмет) орындары бойынша








      Сауалнама-өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткен үшін

      жауапкершілік туралы ескертілдім (Негіз: "Халықтың көші-қоны туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңы).

      20 ____ жылғы "_____" __________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      Ақпараттың жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      20_____ жылғы "_____" __________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      Сауалнама-өтініш 20 ____ жылғы "______"____________ қабылданды.

      _____________________________________________________________________

      (сауалнама-өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда)

  "Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

      нысан

      _____________________________________________

      (ішкі істер органдарының атауы көрсетілсін)

      азамат (ша)__________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      көрсетілсін)

      _____________________________________________

      (тұрғылықты жерінің тіркелген мекенжайы

      көрсетілсін)

Өтініш

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге

      кетуге арналған құжаттарды ресімдеуге байланысты "Жеке тұлғалар"

      Мемлекеттік деректер базасының мәліметтері негізінде азамат (ша) ____

      _____________________________________________________________________

      (толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туыстық

      байланысы көрсетілсін)

      Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу туралы ақпаратты

      хабарлауды сұраймын.

      20____жылғы "______" __________ ______________________

      қолы

  "Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша

      нысан

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды
қабылдау туралы қолхат

      Осы қолхат ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)

      берілді және "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру

      үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін

      қызмет стандартымен бекітілген тізбеге сәйкес Қазақстан

      Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге шығуға арналған

      құжаттарды ресімдеу үшін құжаттарды қабылдағанын растайды.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаған: __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефоны ___________________

      Алдым:. _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін

      қызметті алушының қолы)

      20 ___ жылғы "_____"__________

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 5-қосымша

      нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік

      корпорациясы филиалының № ____ бөлімі

      _____________________________________________________________________

      (мекенжайы көрсетілсін)

      Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге

      сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты,

      "Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге

      шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге

      құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _____________________________________;

      2) _____________________________________;

      3) ______________________________________.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда)

      Орындаушы: __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефоны _______________________________

      Алдым: ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін

      қызметті алушының қолы)

      20__ жылғы "___" __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады