Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 наурызда № 13442 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 16 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.10.2016 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 16 қазандағы № 06-7/144 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8922 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда № 268 (28211) жарияланған) күші жойылды деп танылсы.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының басшыларына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Т. Донақов

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері  
министрінің         
2016 жылғы 11 ақпандағы    
№ 30 бұйрығымен        
бекітілген          

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің тізбесі


п/п

Дербес деректердің атауы

1

Тегi

2

Аты

3

Әкесiнiң аты

4

Туу туралы мәліметтер:
туған күні;
туған жері

5

Ұлты

6

Жынысы

7

Отбасылық жағдайы

8

Азаматтығы туралы мәліметтер

9

Білімі

10

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы

11

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi

12

Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы

13

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

14

Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)

15

Қолы

16

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі;
құжатты берген күні;
құжаттың қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган

17

Шет тiлдерiн бiлуi

18

Дипломатиялық дәрежесi

19

Байланыс деректер:
тіркелген және тұрған мекен жайы;
байланыс телефондар;
электрондық пошта

20

Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi

21

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары

22

Арнайы тексеру нәтижелерi

23

Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi

24

Сотталу туралы мәліметтер

25

Тәртiптiк жазалар туралы мәлiметтер

26

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жазалар қолданылғаны туралы мәлiметтер

27

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәлiметтер

28

Әрекет қабiлеттік туралы мәліметтер

29

Мемлекеттiк лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы мәліметтер

30

Бағалау нәтижелері туралы мәліметтер

31

Аттестациядан өткен күнi және нәтижелерi

32

Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні

33

Атқарып отырған лауазымы, санаты туралы мәліметтер

34

Еңбек жолы туралы мәліметтер:
қабылданған, босатылған күні;
лауазымы, жұмыс орны;
ұйымның орналасқан жерi

35

Жұмыс орнындағы мінездеме

36

Ұсынымхаттар

37

Денсаулығы туралы мәліметтер (бiлiктiлiк талаптарында тиiстi мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына  арнайы талаптар белгiленген жағдайларда)

38

Тестілеудің нәтижелері:
заңнаманы білу туралы;
мемлекеттік тілді білу туралы;
логикалық тест;
біліктілік деңгейін анықтау туралы;
жеке қасиеттерді бағалау туралы.

39

«А» корпусының кадр резервіне алынғаны туралы мәліметтер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады