Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13455 болып тіркелді.

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мелекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________ Ә. Исекешев

      12 ақпан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _________________ Қ. Қасымов

      19 ақпан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      төрағасы

      _________________ В. Жұмақанов

      18 ақпан 2016 жыл



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 52 бұйрығымен
бекітілген

Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 26.01.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы қағидалар

      1. Осы Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар алып қою деңгейінен жоғары иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге тиісті лицензиясы бар және/немесе сақтау пункттерін пайдаланатын заңды тұлғаларға таралады.

      3. Қағидалардың күші электрофизикалық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз етуге қолданылмайды.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) араласуды индикациялау жабдығы (құрылғысы) – жеке сәйкестендіргіші, сәйкестендіру тәсілі бар, оның тұтастығын бұзбай немесе тіркеуге болатын бір (бірнеше) параметрлерді өзгертпей шешуге және қайта пайдалану мүмкіндігінен қорғалған және иондандырушы сәулелену көздеріне рұқсатсыз қол жеткізуді анықтауға арналған техникалық құрылғы;

      2) дабыл-шақыру сигнал беру – осы объектіні күзетуді жүзеге асыратын адамдарға рұқсат етілмеген әрекеттер жасалғаны туралы дабыл сигналдарын беруге арналған техникалық құрал;

      3) диверсия – иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде тікелей немесе жанама түрде бұзушылыққа және (немесе) радиациялық аварияға әкелуге ықпал ететін иондандырушы сәулелену көздеріне қатысты кез келген қасақана әрекет;

      4) екі (үш) адам қағидаты – рұқсатсыз әрекет жасау мүмкіндігін азайту үшін жұмыс орнында немесе бір үй-жайда кемінде екі (үш) адамның бір мезгілде болу талабына негізделген (үй-жайларды ашуды және күзетке тапсыруды қоса алғанда) топтық жұмыс қағидаты;

      5) иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу – иондандырушы сәулелену көздерін дайындау, жеткізу, алу, иелену, сақтау, пайдалану, беру, өңдеу немесе көму, импорттау, экспорттау, тасымалдау, техникалық қызмет көрсетуге байланысты қызмет;

      6) иондандырушы сәулелену көздерін және (немесе) сақтау пункттерін физикалық қорғау жүйесі – иондандырушы сәулелену көздерін және (немесе) сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етуге арналған ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шаралар кешені;

      7) күзет және ден қою күштері – рұқсатсыз алып қою әрекетіне немесе диверсия әрекетіне қарсы іс-қимыл жасау үшін жарақтандырылған және оқытылған бөлімшелер, сондай-ақ бар лицензияларды ескере отырып осындай функцияларды орындайтын ведомстводан тыс күзет бөлімшелері;

      8) орталық басқару пункті – дабыл сигнал берудің толық және үздіксіз мониторингін, сигналдарды бағалауды және осы объектіні қорғауды жүзеге асыратын адамдармен, сондай-ақ объектінің басшылығымен байланысты қамтамасыз ететін физикалық қорғау жүйесі операторының жұмыс орны;

      9) рұқсатсыз етілмеген әрекет – диверсия немесе иондандырушы сәулелену көздерін рұқсатсыз алып қою, тыйым салынған заттарға рұқсатсыз қол жеткізу, өткізу (алып өту), физикалық қорғау құралдарын істен шығару әрекетін жасау немесе жасауға әрекеттену;

      10) сараланған тәсіл – бұл бұзушылардың зиянды әрекеттерінің ықтимал салдарына пропорционалды түрде физикалық қорғаныс шараларын қолдану;

      11) тасымалдауды басқару пункті – тасымалдау кезінде жүк қауіпсіздігінің физикалық жай-күйін үздіксіз спутниктік мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету пункті;

      12) физикалық қорғаныс деңгейі – иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау орындарын физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жиынтығы;

      13) физикалық қорғау жоспары – физикалық қорғау жүйесінің элементтерін, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық компоненттерді басқару жүйесін және иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде физикалық қорғау рәсімдерін белгілейтін және сипаттайтын құжат;

      14) физикалық қорғаудың инженерлік құралдары – физикалық қорғау мәселелерін шешуде тиімділікті арттыруға арналған инженерлік және инженерлік-құрылыс ғимараттары, оның ішінде физикалық кедергілер;

      15) физикалық қорғаудың техникалық құралдары – физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін, конструктивті аяқталған, аппараттық-бағдарламалық функцияларды дербес атқаратын құрылғылар;

      16) физикалық тосқауыл – кіруді кешіктіруді қамтамасыз ететін және кіруді бақылау шараларын толықтыратын бөгеуші инженерлік құрылыс немесе құрал.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

2-тарау. Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау тәртібі

      5. Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау физикалық қорғау деңгейін ескере отырып саралап белгіленеді және ұйымдастыру және техникалық шаралардың жиынтығын білдіреді.

      6. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғауды пайдаланушы ұйымның басшысы қамтамасыз етеді. Иондандырушы сәулелену көздерін және (немесе) сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін физикалық қорғау жүйесі құрылады.

      7. Пайдаланушы ұйым өз қызметі шеңберінде уәкілетті органға иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы хабарлайды.

      8. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау:

      1) рұқсатсыз алып қою, ұрлау немесе заңсыз басып алудан қорғауды;

      2) диверсиядан қорғауды;

      3) ықтимал диверсияның радиологиялық салдарын жеңілдетуді немесе барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

      9. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау жүйесі мынадай функцияларды орындайды:

      1) рұқсат етілмеген әрекеттердің алдын алу;

      2) рұқсат етілмеген әрекеттерді немесе олардың белгілерін уақтылы анықтау;

      3) бұзушылардың кіруін (ілгерілеуін) кідірту (баяулату);

      4) рұқсат етілмеген әрекеттерге ден қою.

      10. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, физикалық қорғаудың үш деңгейі белгіленеді:

      1) физикалық қорғаудың "A" деңгейі – иондандырушы сәулелену көздеріне рұқсатсыз қол жеткізуді, алып қоюды немесе диверсияны болдырмауды қамтамасыз етеді;

      2) физикалық қорғаудың "В" деңгейі – иондандырушы сәулелену көздерін рұқсатсыз алып қою мүмкіндігін минимумға дейін азайтуды қамтамасыз етеді;

      3) физикалық қорғаудың "С" деңгейі – иондандырушы сәулелену көздерін рұқсатсыз алып қою мүмкіндігін азайтуды қамтамасыз етеді.

      11. Радионуклидті көздердің қауіптілігі 1-санаттағы иондандырушы сәулелену көздері физикалық қорғаудың "A" деңгейіне жатады, радионуклидті көздердің қауіптілігі 2-санаттағы иондандырушы сәулелену көздері физикалық қорғаудың "В" деңгейіне жатады, ал радионуклидті көздердің қауіптілігі 3-санаттағы иондандырушы сәулелену көздері физикалық қорғаудың "С" деңгейіне жатады.

      12. Физикалық қорғау деңгейі:

      1) орналасуы ықшам болып табылатын (бір бөлменің, қаптаманың шегінде шоғырланған) бірнеше иондандырушы сәулелену көздері үшін иондандырушы сәулеленудің барлық көздерінің жиынтық белсенділігін ескере отырып, физикалық қорғаудың ең жоғары деңгейі бойынша айқындалады;

      2) өндіріс ерекшелігіне байланысты объект аумағында бірнеше жерде орналастырылған, аумақтық бөлінген бірнеше жеке стационарлық иондандырушы сәуелелену көздері үшін иондандырушы сәулеленудің әрбір көзі үшін жеке айқындалады;

      3) радионуклидті көздердің қауіптілігі 1-санаттағы жеке иондандырушы сәуелелену көздері үшін физикалық қорғаудың "В" деңгейіне таңдалады;

      4) сақтау пункті үшін физикалық қорғаудың "А" деңгейіне таңдалады.

      13. Физикалық қорғаудың "А", "В" және "С" деңгейлеріне арналған физикалық қорғау шаралары осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

      14. Радионуклидті көздер қауіптілігінің 3 санатынан төмен иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланушы ұйым рұқсатсыз алып қою және қол жеткізуге қарсы шаралар көздейді.

      15. Жердегі, әуе көлігінің барлық түрімен және су жолымен тасымалдау кезінде иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін көлік құралында (ішінде) орналасқан радионуклидті көздердің қауіптілік санатына байланысты физикалық қорғаудың үш деңгейі және тиісті физикалық қорғау шаралары белгіленеді, радионуклидті көздер қауіптілігінің 1-санатындағы иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың "А" деңгейіне белгіленеді, радионуклидті көздер қауіптілігінің 2-санатындағы иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың "В" деңгейіне белгіленеді, радионуклидті көздер қауіптілігінің 3-санатындағы иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың "С" деңгейіне белгіленеді.

      16. Тасымалдау кезіндегі физикалық қорғау деңгейі иондандырушы сәулеленудің барлық көздерінің жиынтық белсенділігін ескере отырып физикалық қорғаудың ең жоғары деңгейі деңгейі бойынша анықталады:

      1) ықшам орналасқан (бір көлік құралының шегінде шоғырланған);

      2) бірнеше автомобильдердің (колоннаның) немесе бірнеше вагондардың (эшелонның) құрамында немесе кеменің бірнеше бөліктерінде.

      17. Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың "А", "В" және "С" деңгейлеріне арналған физикалық қорғау шаралары осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

      18. Физикалық қорғау жүйесін басқару мынадай шараларды қамтиды:

      1) иондандырушы сәулелену көзінің орналасқан жеріне және құпия ақпаратқа сүйемелдеусіз рұқсат берілген персонал үшін ғана иондандырушы сәулелену көзінің орналасқан жеріне рұқсатты қамтамасыз ететін кіруді басқару;

      2) персоналды тану бойынша сәйкестендіру және тексеру, құлыптардың болуы, кілттерді бақылау;

      3) Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау жоспарын әзірлеу. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғаудың үлгі жоспары осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген;

      4) Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғау жоспарын әзірлеу. Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың үлгі жоспары осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

3-тарау. Рұқсатсыз кіруге, алып қоюға немесе диверсияға байланысты оқиға туралы хабарлау тәртібі

      19. Жоғалту, нақты рұқсатсыз қол жеткізу немесе қол жеткізуге әрекет, рұқсатсыз алып қою немесе диверсияға байланысты оқиға болған жағдайда, пайдаланушы ұйым немесе тасымалдау кезінде иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғауды қамтамасыз ететін ұйым:

      1) жағдайды түзету үшін дереу әрекет етеді;

      2) бір сағат ішінде уәкілетті органды, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етеді;

      3) жетпіс екі сағат ішінде оқиғаны, оның себептерін, мән-жайлары мен салдарын тергеп-тексеруді жүргізеді;

      4) бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оқиғаның себептері, оның мән-жайлары мен салдары туралы, сондай-ақ қабылданған немесе қабылданатын түзету шаралары туралы есеп береді.

  Иондандырушы сәулелену
көздерін және сақтау пункттерін
физикалық қорғау қағидаларына
1-қосымша

Физикалық қорғаудың "А", "В" және "С" деңгейлеріне арналған физикалық қорғау шаралары

Р/с №

Физикалық қорғау жүйесіне қойылатын талаптар

Физикалық қорғаудың деңгейлері

"А"

"В"

"С"

1.

Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттеріне қатысты рұқсат етілмеген әрекеттерді анықтау:

- ғимараттың күзет дабылы жүйелері (терезе және есік ойықтары, үй-жайлардың көлемі);

+

+

+

- рұқсатты бақылау және басқару жүйелері;

+

+

- бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйелері;

+

+

+

- араласуды индикациялау жабдығы (құрылғысы);

+

+

+

- дабыл-шақыру сигнал беру жүйесі (иондандырушы сәулелену көздері орналасқан жерден дабыл сигналын беру);

+

+

- екі физикалық тосқауыл;

+

+

- бір физикалық тосқауыл (контейнер, қаптама немесе сенімді бекітпелер);

+

- персоналды бақылау.

+

+

+

2.

Күзет және ден қою күштерімен үздіксіз байланысты қамтамасыз ету:

- сенімді байланыс құралдарын пайдалану (телефондар, ұялы телефондар, пейджерлер, радиостанциялар);

+

+

+

- байланыстың екі түрі қарастырылады.

+

3.

Верификация арқылы иондандырушы сәулелену көздерінің жоғалуын анықтау:

- араласуды және құлыптардың (құлыптау құрылғыларының) тұтастығын индикациялау жабдығын (құрылғысын) күнделікті тексеру;

+

- араласуды және құлыптардың (құлыптау құрылғыларының) тұтастығын индикациялау жабдығын (құрылғысын) апта сайын тексеру;

+

- араласуды және құлыптардың (құлыптау құрылғыларының) тұтастығын индикациялау жабдығын (құрылғысын) ай сайын тексеру;

+

- бейнебақылау жүйесі арқылы қашықтан бақылау.

+

+

+

4.

Жабдықтар мен оқытылған адамдардың болуын қамтитын жедел әрекет етуді ұйымдастыру.

+

+

+

5.

Физикалық қорғаудың инженерлік және техникалық құралдарынан алынған барлық ақпарат (қалыпты жұмыс, ақаулар, рұқсат етілмеген әрекеттер, жағдайды бағалау) орталық басқару пунктіне шығарылады.

+

+

+

6.

Иондандырушы сәулелену көздері орналасқан (сақталатын) орындарға кіретін жерлер жұмыс уақытынан тыс уақытта құлыптарға жабылады және пломбаланады (мөрленеді).

+

+

+

7.

Пайдаланушы ұйымның басшысы ұйымдағы физикалық қорғауды қамтамасыз ететін адамды (адамдарды) айқындайды, оған қызметтік міндеттерінен басқа міндеттер жүктелмейді.

+

+

+

8.

Пайдаланушы ұйымда физикалық қорғау жүйесінде пайдаланылатын құлыптарды, кілттерді және араласуды индикациялайтын басқа да жабдықтарды (құрылғыларды) есепке алу, беру, сақтау және бақылау тәртібі әзірленеді:

- құлыптарға, кілттерге және араласуды индикациялайтын басқа да жабдыққа (құрылғыға) рұқсат алған барлық тұлғаларды тіркеу;

+

+

+

- құлыптарды, кілттерді және араласуды индикациялайтын басқа жабдықтарды (құрылғыларды) беруді және қайта тапсыруды тіркеу;

+

+

+

- құлыптардың, кілттердің және араласуды индикациялайтын басқа да жабдықтардың (құрылғылардың) болуын тексеру және оларды рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі шаралар;

+

+

+

- әрбір құлып пен кілтке түгендеу нөмірі беріледі, әрбір кілтке оның түгендеу нөмірі басылады.

+

9.

Күзет шарттары мен тәртібін, күзет және ден қою күштерінің функциялары, құқықтары мен міндеттерін, оларды жарақтандыру қажеттілігін пайдаланушы ұйымның басшысы айқындайды.

+

+

+

10.

Иондандырушы сәулелену көздеріне келушілерді жауапты адам бірге алып жүреді.

+

+

+

11.

Пайдаланушы ұйымда басшы әзірлейді және бекітеді:

- иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау жоспары;

+

+

+

- физикалық қорғаудың инженерлік және техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру жоспар-графигі.

+

+

+

12.

Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттері орналасқан жерде екі (үш) адам қағидаты қолданылады.

+

13.

Орталық басқару пунктін, физикалық қорғаудың инженерлік және техникалық құралдарын резервтік электр қуатымен жабдықтауды қамтамасыз ету:

- электр қуатын резервтік қуатқа автоматты ауыстыруды қамтамасыз ететін резервтік қуат көздері пайдаланылады (негізгі электр қуаты өшірілген жағдайда) және негізгі электр қуаты қалпына келген кезде кері ауыстырылады;

+

+

+

- электр қуат көзінің резервтік қуатқа және кері ауысуы туралы ақпарат орталық басқару пунктінде көрсетіледі және тіркеледі.

+

+

+


Р/с №

Физикалық қорғау жүйесіне қойылатын талаптар

Физикалық қорғаудың деңгейлері

"А"

"В"

"С"

1.

Рұқсат етілмеген әрекеттерді анықтау:

- иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдауға қатысатын персоналдың үздіксіз бақылау;

+

+

+

- көлік құралындағы сигнал беру жүйесі;

+

+

+

- көлік құралында араласуды индикациялау жабдығы (құрылғы);

+

+

+

- иондандырушы сәулелену көздерінің сақталуын қамтамасыз ететін адамдардың жүкті көзбен шолып тексеруі;

+

+

+

- иондандырушы сәулелену көздерінің контейнеріндегі құлыптар;

+

+

+

- иондандырушы сәулелену көздерінің контейнерін қауіпсіз бекіту;

+

+

+

- көлік құралы тұрақ кезінде жабылады және сигнал беру жүйесіне қойылады.

+

+

+

2.

Байланысты қамтамасыз ету:

- сенімді байланыс құралдарын (телефондар, ұялы телефондар, пейджерлер, радиостанциялар) пайдалану арқылы көлік құралдары қозғалысының бағытында (бағыттарында);

+

+

+

- бірнеше автомобиль (колонна) немесе бірнеше вагон (эшелон) құрамында немесе кеменің бірнеше бөліктерінде ілесіп жүретін адамдар арасында;

+

+

+

- тасымалдау барысы, иондандырушы сәулелену көздерінің жай-күйі, оқиғалардың сипаты және қабылданатын іс-әрекеттер туралы ақпаратты ашпайтын шартты хабарламалар жүйесін пайдалана отырып.

+

+

3.

Иондандырушы сәулелену көздерінің жоғалуын анықтау жүзеге асырылады:

- физикалық растау арқылы;

+

+

+

- араласуды индикациялау жабдығын (құрылғысын) пайдалану арқылы;

+

+

+

- көлік құралын тұраққа қою және/немесе тоқтату кезінде ілеспе адамдардың араласуды индикациялау жабдығының (құрылғысының) жай-күйін тексеруі арқылы.

+

+

+

4.

Жедел ден қою және иондандырушы сәулелену көздерін алып қоюдың алдын алу дереу ден қоюды бастау үшін жабдықтар мен рәсімдердің болуымен қамтамасыз етіледі:

- көлік құралында дабыл-шақыру сигнал беру жүйесінің болуы;

+

+

- әр түрлі физикалық принциптерге негізделген екі жақты байланыстың екі түрлі әдісі;

+

+

- навигациялық бақылау жүйелерін пайдалану арқылы нақты уақыт режимінде көлік құралдарының қозғалысын үздіксіз бақылау және қадағалау, бірақ мұндай құралдарды қолдану байланыс құралдары бойынша хабар алмасудың орнын баспайды;

+

+

+

- жүкті оның бүкіл жүру жолында үздіксіз қорғау.

+

+

5.

Физикалық қорғауды жоспарлау:

- негізгі және қосалқы маршруттарды анықтау және келісу;

+

+

+

- төтенше жағдайлар, дүлей апаттар және күрделі криминогендік жағдайлар аймақтары бойынша өтетін қозғалыс бағыттарын алып тастау;

+

+

+

- тасымалдау уақытын, көлік құралдары арасындағы шамадан тыс жүктемелер санын, жол бойындағы аялдамалар мен тұрақтарды барынша шектеу;

+

+

+

- тасымалдау, қозғалыс бағыттары, сүйемелдеу және күзету тәсілдері туралы ақпаратқа қол жеткізуді шектеу;

+

+

- иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаныс жоспарын әзірлеу.

+

+

+

6.

Көлік құралдарын тасымалдау алдында тексеру:

- араласуды индикациялау жабдығының (құрылғыларының) тұтастығын тексеру;

+

+

+

- көлік құралдарын көлік құралын істен шығаруға, тасымалданатын иондандырушы сәулелену көздерін зақымдауға және (немесе) иондандырушы сәулелену көздеріне қатысты рұқсат етілмеген әрекеттер жасауға ықпал етуге қабілетті құрылғылардың жоқтығына тексеру.

+

+

+

7.

Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғау иондандырушы сәулелену көздерін көлік құралдарына жүк жөнелтушіде тиеген сәттен бастап иондандырушы сәулелену көздерін көлік құралдарынан жүк алушыда түсірген сәтке дейін қамтамасыз етіледі.

+

+

+

8.

Жүк тасымалдаушы иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз етеді. Жүк жөнелтуші немесе жүк алушы тасымалдау кезінде шарттық міндеттемелерге байланысты иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғауды қамтамасыз етеді.

+

+

+

      Ескертпе: "+" белгісімен физикалық қорғаудың тиісті деңгейіне қойылатын талаптың бар екендігі, "–" белгісімен мұндай талаптың жоқ екендігі белгіленеді.

  Иондандырушы сәулелену
көздерін және сақтау пункттерін
физикалық қорғау қағидаларына
2-қосымша

Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың "А", "В" және "С" деңгейлеріне арналған физикалық қорғау шаралары

      Ескертпе: "+" белгісімен физикалық қорғаудың тиісті деңгейіне қойылатын талаптың бар екендігі, "–" белгісімен мұндай талаптың жоқ екендігі белгіленеді.

  Иондандырушы сәулелену
көздерін және сақтау пункттерін
физикалық қорғау қағидаларына
3-қосымша

Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғаудың үлгі жоспары

      Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғаудың жоспары иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған негізгі ұйымдастырушылық талаптарды айқындайды және пайдаланушы ұйыммен бекітіледі.

      1. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғаудың жоспарының жалпы ақпараты, міндеттері мен мақсаттары, қайта қарау кезеңділігі.

      2. Ғимараттар мен үй-жайлардың сипаттамасы, иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін орналастыру схемасы.

      3. Қолданылатын физикалық қорғау шаралары, оның ішінде:

      1) физикалық қорғау, бақылау, рұқсатты бақылау, анықтау, кідірту, ден қоюды және байланыс құралдарын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;

      2) болжамды қатерге қарсы бағытталған шаралардың сапасын бағалау үшін құрылымдық ерекшеліктер.

      4. Иондандырушы сәулелену көздеріне және сақтау пункттеріне қарсы рұқсатсыз ықтимал әрекеттер тізбесі, ден қою шаралары.

      5. Физикалық қорғау жүйелері мен жабдықтары істен шыққан жағдайда қолданылатын өтемдік шаралар.

      6. Әкімшілік шаралар.

      7. Штаттық режимдегі, жұмыс уақытынан тыс және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар.

      8. Физикалық қорғау жүйесінің техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

      9. Персоналдың сенімділігін тексеру.

      10. Ақпараттық қауіпсіздік шаралары.

      11. Иондандырушы сәулелену көздеріне және сақтау пункттеріне, жұмыстарға, құжаттарға, мәліметтерге персоналдың рұқсатын бақылауды және басқаруды қамтамасыз ету, оның ішінде кілттерді бақылау рәсімдері.

      12. Персоналдың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар.

      13. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы.

      14. Физикалық қорғауға байланысты оқиғалар туралы есеп беру.

  Иондандырушы сәулелену
көздерін және сақтау пункттерін
физикалық қорғау қағидаларына
4-қосымша

Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың үлгі жоспары

      1. Жүк жөнелтушінің, жүк тасымалдаушының, жүк алушының, күзет және ден қою күштерінің және жоспарланған тасымалдауға тартылатын ұйымдардың толық атауы, заңды мекенжайы және байланыс телефондары.

      2. Тасымалдаудың барлық қатысушыларының міндеттемелері.

      3. Көлік құралдары мен қаптамалардың сипаттамасы.

      4. Тасымалдау жоспарланған иондандырушы сәулелену көздерінің сипаттамасы (түрі, санаты, саны, физикалық және химиялық нысаны, радиоактивті сәулелену деңгейі).

      5. Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдаудың негізгі және қосалқы бағыттарын талдау және сипаттау.

      6. Физикалық қорғаудың белгіленген деңгейі және тиісті физикалық қорғау шараларының сипаттамасы.

      7. Иондандырушы сәулелену көздеріне қатысты рұқсатсыз болжалды іс-қимылдар тізбесі.

      8. Иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғауға байланысты оқиғаларға ден қою шаралары.

      9. Иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғау жүйесінің техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

      10. Персоналдың сенімділігін тексеру.

      11. Ақпараттық қауіпсіздік шаралары.

      12. Физикалық қорғауға байланысты оқиғалар туралы есеп беру.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады