Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік министрінің 16.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11414 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары" осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 23 ақпан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары
Арнайы көлік құралының атауы* | Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер | Арнайы көлік құралдарының саны |
Арнайы | Өндiрiстiк процесті қамтамасыз ету, автомобиль көлігі мен автожолдарда; су көлiгiнде (кеме қатынасының қауiпсiздiгiн, кемелерді, жағалаудағы объектiлердi, гидроқұрылыстарды, кемежайларды, жағыстарды, кеметұрақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды және т.б. техникалық куәландыруды қамтамасыз ету мақсатында тексеріп қарауды жүргізу); теміржол көлiгiнде (жолдың жоғарғы қабатын, магистральдық, станциялық және өзге де технологиялық жолдарды, инженерлік құрылыстарды және т.б. техникалық куәландыруды жүргізу) бақылауды жүзеге асыру | Көлік комитетінің инспекциялары: | |
Ақмола облысы | 4 | ||
Ақтөбе облысы | 5 | ||
Алматы облысы | 6 | ||
Атырау облысы | 5 | ||
Шығыс Қазақстан облысы | 6 | ||
Жамбыл облысы | 5 | ||
Батыс Қазақстан облысы | 5 | ||
Қарағанды облысы | 5 | ||
Қызылорда облысы | 4 | ||
Қостанай облысы | 5 | ||
Маңғыстау облысы | 4 | ||
Павлодар облысы | 6 | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | 5 | ||
Оңтүстік Қазақстан облысы | 6 | ||
Астана қаласы | 4 | ||
Алматы қаласы | 3 | ||
Жер қойнауын пайдалану объектілерін бақылауды жүзеге асыру үшін | Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңіраралық департаменттері | ||
Шығыс Қазақстан | 4 | ||
Батыс Қазақстан | 7 | ||
Солтүстік Қазақстан | 4 | ||
Орталық Қазақстан | 6 | ||
Оңтүстік Қазақстан | 7 | ||
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алу) | Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті | ||
Ақмола облысы | 3 | ||
Ақтөбе облысы | 2 | ||
Алматы облысы | 4 | ||
Атырау облысы | 4 | ||
Шығыс Қазақстан облысы | 6 | ||
Жамбыл облысы | 2 | ||
Батыс Қазақстан облысы | 1 | ||
Қарағанды облысы | 6 | ||
Қызылорда облысы | 2 | ||
Қостанай облысы | 4 | ||
Маңғыстау облысы | 4 | ||
Павлодар облысы | 2 | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | 2 | ||
Оңтүстік Қазақстан облысы | 2 | ||
Астана қаласы | 1 | ||
Алматы қаласы | 2 |
Ескертпе: *арнайы көлік құралы – жеңіл автомобиль базасындағы, автомобиль, су, теміржол көлігінде, автожолдарда, жер қойнауын пайдалану объектілерінде бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған көлік құралы.