"Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 наурызда № 13556 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 № ҚР ДСМ-180/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11575 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу құқығына аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгiлi түрiн өндіру құқығына бiлiктiлiк беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетудің әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ТМККК қызметтерін берушілерді таңдау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) хатшысы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ТМККК қызметтерін берушілерді таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімін (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады және өтінімнің көшірмесіне алу туралы белгіні қояды – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Қолхат қабылдауды растау болып табылады, оның көшірмесі Мемлекеттік корпорация филиалының құжаттарды қабылдау күні бар белгісімен және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін тапсырудың болжамды күнімен көрсетілетін қызметті алушыға беріледі – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды комиссияның хатшысына тапсырады – орындау мерзімі 1(бір) күн.

      Комиссияның хатшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өтінімді тікелей қабылдаған жағдайда комиссияның хатшысы хаттамадан үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға тапсырады – орындау мерзімі 10 (он) минут;

      өтінімді Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған жағдайда комиссияның хатшысы хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға тапсырады – орындау мерзімі 1 (бір) күн;

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері хаттамадан үзінді көшірмені тапсырады – орындау мерзімі 10 (он) минут.";

      6-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) көрсетілетін қызметті берушінің хаттамадан үзінді көшірмені беруі немесе хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға жіберу және хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияда беру.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;";

      8-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызмет берушіге тікелей жүгінген кезде: мемлекеттік қызметті алуға өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау, тіркеу және комиссияның хатшысына жіберу – орындау мерзімі 1(бір) күн;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) көрсетілетін қызметті берушінің хаттамадан үзінді көшірмені тікелей қабылдау кезінде көрсетілетін қызмет берушіге беру – орындау мерзімі 10 (он) күн;

      өтінімді Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға жіберу – орындау мерзімі 1 (бір) күн;

      хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияда беру – орындау мерзімі 10 (он) минут.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызмет берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өңдеу ұзақтығы:

      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет кезексіз тәртіпте, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы "брондауға" болады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның өкілінің сенімхаты бойынша) жүгінуі кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесін ұсынады;

      3) көрсетілетін қызмет алушының Мемлекеттік корпорацияға өтінімін өңдеудің ұзақтығы – орындау уақыты 20 минуттан аспайды;

      4) көрсетілетін қызмет алушының өтінімін Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызмет берушіге жіберу мерзімі – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін Мемлекеттік корпорация арқылы алу үрдісін сипаттау, оның ұзақтығы:

      1) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтінімді беру кезінде оған берілген қолхатпен бірге Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;

      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттың негізінде көрсетілетін қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін қағаз тасымалдағышта тапсырады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға тапсыру ұзақтығы – 20 минуттан аспайды.

      Рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.";

      көрсетілген регламентке қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министріне (А.В. Цой) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 160 бұйрығына
қосымша
  "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсетудің әлеуетті қызметтер
берушісінің қойылатын талаптарға сәйкестігін
(сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсетудің әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға
сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы


      *ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның өзара іс-қимылы;



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады