Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 мамырда № 13716 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________Ә. Исекешев

      2016 жылғы 18 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________Б. Сұлтанов

      2016 жылғы "___"____________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2016 жылғы "___"____________



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 141 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 18-02/144 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7605 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған):

      Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларында:

      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шығарылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасына жыл сайынғы жоспарлы тексеріс жүргізген кезде;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Шығарылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасын жоспарлы тексерген кезде ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне сәйкес жүргізіледі.

      Жоспарлы тексеруді жүзеге асырған кезде, тексеруді жүргізетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексерілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының үлгілерін іріктейді және оларды Зертханаға жолдайды.".

      2. "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларын жасау және беру қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. "2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 142-бабына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер берілген нұсқамалардың есебін және ведомстволық есептілікті жүргізеді.".

      3. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (28455) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тексеру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандары Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері туралы акті жасайды.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектормен, мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен тиiстi белгi жасалады.

      14. Тексеру нәтижелерi туралы актіге қажеттi құжаттардың көшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi.

      15. Тексеру нәтижелерi туралы актi Кодекстің талаптарына сәйкес жасалады.

      Тексеру нәтижелерi туралы актінің данасы Заңның 14-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мөлшерде жасалады.".

      4. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.05.2024 № 178 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:

      10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жануарлардан алынатын өнімді, шикізатты, жемшөпті тасымалдау кезінде ("Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шаралар қолдану туралы" Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қағадалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде "*" символмен белгіленген өнімнен басқа, ол бойынша тек эпизоотиялық саламаттылық расталса) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық зертхана немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың бағалау сәйкестігі жөніндегі органдарының біріңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары берген сараптама актісі (сынақ хаттамасы);

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініштерде көрсетілген мәліметтердің "Ветеринариялық (ветеринариялық–санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғынан тексереді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық сертификатты беру журналына аталған мәліметтерді енгізеді, ветеринариялық зертхананың сараптама актілерін (сынақ хаттамасын), қайдан ауланғаны тұралы анықтаманы зерделейді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні қарап тексеруді және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйінің үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде қабылдаған экспорттаушы елдің талаптары мен қағидаларына сәйкестігіне, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығару кезінде Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігіне бағалауды жүргізеді.

      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігі анықталған кезде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор қолымен және мөрімен расталған ветеринариялық сертификат беріледі.

      Өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беріледі.

      "Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шаралар қолдану туралы" Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысанына сәйкес Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптардың 39-тарауында көрсетілген дайын сүт, май және балық өнімдеріне арналған № 4 нысандағы ветеринариялық сертификат өтініш берген күні ресімделеді.".

      21-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нәтижелері туралы акті жасайды және осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге шешім қабылдау үшін тексерістің аяқталуына кеш емес мерзімде тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қарауына енгізеді.".

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 марта 2016 года № 141. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 мая 2016 года № 13716.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан, в которые вносятся изменения.

      2. Департаменту пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет", а также в течение пяти рабочих дней в Республиканское государственное предприятие "Республиканский центр правовой информации" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и

      развитию Республики Казахстан

      ________________ А. Исекешев

      18 апреля 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      _______________ Б. Султанов

      30 марта 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ___________________ Е. Досаев

      13 апреля 2016 года



  Утвержден
приказом Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 29 марта 2016 года № 141

Перечень приказов Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. В приказе исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 18-02/144 "Об утверждении Правил определения соответствия серий (партий) ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок и (или) ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, содержащих антибиотики, гормоны и биологические стимуляторы, требованиям ветеринарных нормативов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7605, опубликованный 26 мая 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 154-156 (26973-26975)):

      в Правилах определения соответствия серий (партий) ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок и (или) ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, содержащих антибиотики, гормоны и биологические стимуляторы, требованиям ветеринарных нормативов, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "1) при проведении проверок качества выпускаемых ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан от 29 октября 2015 года;";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Определение соответствия серий (партий) ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок требованиям ветеринарных нормативов при проверке качества выпускаемых ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок проводится в соответствии с полугодовым графиком проведения проверок, утвержденным уполномоченным органом в области ветеринарии.

      При осуществлении проверки государственный ветеринарно-санитарный инспектор, осуществляющий проверку, производит отбор образцов проверяемых ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок и направляет их в Лабораторию.".

      2. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 июля 2013 года № 16-07/333 "Об утверждении форм предписаний, порядка их составления и выдачи государственными ветеринарно-санитарными инспекторами, государственными ветеринарными врачами" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8662, опубликованный 19 декабря 2013 года в газете "Казахстанская правда" № 339 (27613)):

      в Правилах составления и выдачи предписаний государственными ветеринарно-санитарными инспекторами, государственными ветеринарными врачами, утвержденных указанным приказом:

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Государственные ветеринарно-санитарные инспектора, государственные ветеринарные врачи ведут учет выданных предписаний и ведомственную отчетность в соответствии со статьей 142 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года.".

      3. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 7-1/559 "Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9891, опубликованный 27 ноября 2014 года в газете "Казахстанская правда" № 232 (27853)):

      в Положении о государственном ветеринарно-санитарном контроле и надзоре, утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Проверка осуществляется в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан от 29 октября 2015 года (далее – Кодекс). Иные формы государственного контроля и надзора осуществляются в соответствии с Законом.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. По результатам проверки соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии проверяющим государственным ветеринарно-санитарным инспектором, государственным ветеринарным врачом составляется акт о результатах проверки.";

      пункты 13, 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "13. В случае, если по завершении проверки не установлены нарушения, то об этом в акте о результатах проверки проверяющим государственным ветеринарно-санитарным инспектором, государственным ветеринарным врачом делается соответствующая отметка.

      14. К акту о результатах проверки прилагаются необходимые копии документов и другие материалы, полученные в ходе проверки.

      15. Акт о результатах проверки составляется в соответствии с требованиями Кодекса.

      Акт о результатах проверки составляется в количестве экземпляров, указанных в пункте 9 статьи 14-1 Закона.".

      4. Утратил силу приказом приказом и.о. Министра сельского хозяйства РК от 24.05.2024 № 178 (вводится в действие с 08.06.2024).

      5. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 мая 2015 года № 7-1/453 "Об утверждении Правил выдачи ветеринарных документов и требований к их бланкам" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11898, опубликованный 16 сентября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Правилах выдачи ветеринарных документов и требований к их бланкам, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 4) пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "4) при транспортировке продукции, сырья животного происхождения, корма (за исключением продукции, обозначенной символом "*" в Едином перечне товаров, подлежащих ветеринарному контролю (надзору) утвержденном Решением Комиссии Таможенного союза от 18 июня 2010 года № 317 "О применении ветеринарно-санитарных мер в таможенном союзе", по которой подтверждается только эпизоотическое благополучие) – акт экспертизы (протокол испытаний), выданный государственной ветеринарной лабораторией в соответствии с Правилами выдачи акта экспертизы (протокола испытаний), утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 7-1/19 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10410), или аккредитованной в национальных системах аккредитации лабораторией государства-члена Евразийского экономического союза и включенной в Единый реестр органов по оценке соответствия Евразийского экономического союза в соответствии с Договором о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года;";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Государственный ветеринарно-санитарный инспектор проверяет сведения указанные в заявлении на соответствие Ветеринарным (ветеринарно-санитарным) правилам, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 "Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11940), и требованиям безопасности, вносят данные сведений в журнал выдачи ветеринарного сертификата, по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам, изучают акт экспертизы (протокол испытаний) ветеринарной лаборатории, справку о происхождении вылова, проводит осмотр перемещаемого (перевозимого) объекта и оценку ветеринарно-санитарного состояния транспортного средства на соответствие требованиям и правилам, принятыми в стране-экспортере при экспорте в третьи страны (государства, не являющиеся членами Евразийского экономического союза), при вывозе в государства-члены Евразийского экономического союза на соответствие Единым ветеринарным (ветеринарно-санитарным) требованиям.

      При установлении соответствия перемещаемого (перевозимого) объекта ветеринарным (ветеринарно-санитарным) правилам выдается ветеринарный сертификат, заверенный подписью и печатью государственного ветеринарно-санитарного инспектора.

      Ветеринарный сертификат на экспорт выдается в течение трех рабочих дней с момента поступления заявления.

      На готовую молочную, масложировую и рыбную продукцию, указанную в главе 39 Единых ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований, ветеринарный сертификат по форме № 4, согласно Единой форме ветеринарных сертификатов, утвержденной Решением Комиссии таможенного союза от 18 июня 2010 года № 317 "О применении ветеринарно-санитарных мер в таможенном союзе", оформляется в день обращения.";

      подпункт 5) пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "5) составляет акт о результатах проверки в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан от 29 октября 2015 года и вместе с документами, указанными в пункте 19 настоящих Правил, вносит на рассмотрение государственному ветеринарному врачу из списка для принятия решения не позднее срока окончания обследования.".