"Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13756 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2016 № 630 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:

      85-тармақтың 1) және 2) тармақшылары мынадай редакцияда жазылсын:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық есептi – толық көлемде есептiден кейiнгi айдың 12-күнiнен кешiктiрмей АЖ арқылы, онда жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасының санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және ерекшелігін, ал есептің бюджет шығыстарын қамтитын бөлімі бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын, функционалдық кіші топтарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды және ерекшеліктерін қамтуы тиіс, оны кейiннен осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарына сәйкес қалыптасқан ЭҚАБЖ арқылы растай отырып, есептіден кейінгі айдың аяғына дейiн;

      2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепті - толық көлемде АЖ арқылы есептіден кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, онда жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасының санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және ерекшелігін, ал есептің бюджет шығыстарын қамтитын бөлімі бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын, функционалдық кіші топтарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды және ерекшеліктерін қамтуы тиіс, ал осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарына сәйкес қағаз жеткізгіште есептiден кейінгі жылдың 10 наурызына дейін ұсынады.";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 21 және 25-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты алғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 209 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттiк мекемелердiң,
бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң және
бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттiк
есептiлiктi жасау және
ұсыну қағидаларына
21-қосымша

Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, өте маңызды және
жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға
бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың
атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп

      Бюджет түрі: Республикалық

      Кезеңділігі: айлық, жылдық

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Код

Атауы

Есепті қаржы жылына арналған бекітілген бюджет

Есепті қаржы жылына арналған нақтыланған бюджет

Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет

Есепті кезеңге арналған қаржыландырудың жиынтық жоспары

Функционалдық топ

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Инвестжобаның коды

міндеттемелер бойынша

төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11






Барлығы











I.
Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар - барлығы











II. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар бюджеттік инвестициялар - барлығы











III.
Нысаналы даму трансферттері - барлығы











IV. Кредиттер - барлығы











V.Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер - барлығы







      кестенің жалғасы

Қабылданған міндеттемелер

Төленбеген міндеттемелер 12-баған-14-баған

Бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы

Есепті кезеңге ауытқуы 14-баған-11-баған

Есепті кезеңге бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы 14-баған/11-баған * 100

Бір жылға арналған жоспарға төленген міндеттемелердің атқарылуы 14-баған/ 9-баған *100

12

13

14

15

16

17



















  Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 209 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттiк мекемелердiң,
бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң және
бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттiк
есептiлiктi жасау және
ұсыну қағидаларына
25-қосымша

Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың
атқарылуы туралы есеп

      Бюджет түрі: Республикалық

      Кезеңділігі: айлық, жылдық

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Код

Атауы

Есепті қаржы жылына арналған бекітілген бюджет

Есепті қаржы жылына арналған нақтыланған бюджет

Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет

Есепті кезеңге арналған қаржыландырудың жиынтық жоспары

Функционалдық
топ

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Инвестжобаның коды

міндеттемелер бойынша

төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11






Барлығы











I.Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар - барлығы











II. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар бюджеттік инвестициялар - барлығы











III.Нысаналы даму трансферттері - барлығы











IV. Кредиттер - барлығы











V.Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер- барлығы







      кестенің жалғасы

Қабылданған міндеттемелер

Төленбеген Міндеттемелер 12-баған–14-баған

Бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы

Есепті кезеңге ауытқуы 14-баған-11-баған

Есепті кезеңге бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы 14-баған/11-баған * 100

Бір жылға арналған жоспарға төленген міндеттемелердің атқарылуы 14-баған/ 9-баған *100

12

13

14

15

16

17




















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады