"Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 26 мамырдағы № 36/132 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 маусымда № 13820 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7307 болып тіркелген) қаулысында мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішке кандидаттардың өздері не сенімхат бойынша олардың уәкілетті адамдары қол қояды.
      Саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішке «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңына және саяси партияның жарғысына сәйкес уәкілетті адам қол қояды.»;
      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына сәйкес мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқарса, бас тартады.».
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                                   Қ. Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Хатшысы                                    Б. Мелдешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады