Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 451 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 маусымда № 13826 болып тіркелді.

      "Жол жүрiсi туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 31 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 451 бұйрығымен бекітілген

Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары

1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Жол жүрiсi туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

      2. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi – тiзiлiм) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық қарап-тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық қарап-тексеру операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу мақсатында құрылады.

      3. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмдік нақтыланып отыратын техникалық қарап-тексеру операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.

      4. Тiзiлiмді енгізуді және оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көлiктiк бақылау органдары) ұсынған ақпараттың негiзiнде жүзеге асырады.

2–тарау. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмін жүргiзу тәртiбi

      5. Тiзiлiмге енгізу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заңы) 46-бабында көзделген тәртіпте жеке кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның көлiктiк бақылау органдарына техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламасын ұсынуын көздейді.

      6. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:

      техникалық қарап-тексеру операторының атауы;

      2) техникалық қарап тексеру операторының мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы;

      3) стационарлық техникалық қарап-тексеру желiсiнiң орналасқан орны;

      4) стационарлық техникалық қарап-тексеру желiсiнiң жұмыс режимi;

      5) стационарлық және ұтқыр техникалық қарап тексеру желiлерiнiң түрі, саны;

      6) техникалық қарап-тексеру операторының қызмет ету өңiрi;

      7) тізілімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

      8) тізілімнен алып тастау;

      9) бастапқы тексеру нөмірі мен күнін көрсете отырып, бақылау-диагностикалық жабдық, сондай-ақ өлшеу құралдарын тексеруді жүргізген ұйымның орны мен атауын көрсете отырып, өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні көрсетілген мерзімді тексерулер бойынша мәліметтер;

      10) стационарлық техникалық қарап-тексеру желісінің орналасқан жерінің кадастрлық нөмірі, үй-жайды жалға алу кезінде жалдау шартының нөмірі мен жасалған күні, жалға алу мерзімі және жалға алынған үй-жайдың кадастрлық нөмірі көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Техникалық қарап-тексеру операторының қызметін ашу кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген жері бойынша әкімшілік-аумақтық шекаралар шегінде өзінің тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көлiктiк бақылау органдары техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 6-тармағы 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады не толық мәліметтер ұсынылмаған кезде хабарламаны қабылдамайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті орган тізілімді өзiнiң www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.

      9. Жеке кәсіпкердің заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан орны, қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ олар туралы ақпарат техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламада көрсетілген хабарламаны толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, техникалық қарап-тексеру операторы өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Рұқсаттар туралы Заңда көзделген тәртіпте көрсетілген өзгерістер туралы хабарламаны жібереді.

      10. Көлiктiк бақылау органдары техникалық қарап-тексеру операторларынан оның заңды мекенжайының, орналасқан орнының, міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізуі бойынша қызметті жүзеге асыратын мекенжайының, тіркеу деректерінің өзгергені туралы, қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, сондай-ақ механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқарғаны, техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзген кезде көрiнеу анық емес ақпаратты бергені, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 248 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9658 болып тіркелген) Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бұзғаны үшін әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттері үшін техникалық қарап тексеру операторына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті мәліметтерді ұсынады.

      Уәкілетті орган тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастырылған тізілімді жаңартуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 843 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Техникалық қарап-тексеру операторы Рұқсаттар туралы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша тізілімнен алынып тасталады.

  Техникалық қарап-тексеру
операторларының тізілімін
жүргізу қағидаларына
қағидаларына
қосымша
  Нысаны

Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№р/с

Техникалық қарап-тексеру операторының атауы

Мекенжайы (индексі, облысы, ауданы,
қала (кент, ауыл),
көше, үй), Байланыс телефондары, техникалық қарап-тексеру операторының электрондық пошта мекенжайы

Техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісінің орналасқан жері

Техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісінің жұмыс режимі

Техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісінің типі және саны

Техникалық қарап-тексерудің ұтқыр желісінің типі және саны

Техникалық қарап-тексеру операторы қызмет өңірі

Техникалық қарап-тексеру операторы тізіліміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Техникалық қарап-тексеру операторы тізілімінен алып тастау

Бастапқы тексеруден өткен нөмірі мен күні көрсетілген бақылау-диагностикалық жабдығы, сондай-ақ өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні көрсетілген мерзімді тексерулер бойынша мәліметтер, өлшеу құралдарын тексеруді жүргізген орны мен ұйымның атауы

Стационарлық техникалық қарап-тексеру желісінің жерге кадастрлық нөмірі, үй-жайды жалға алған жағдайда жалға алу шартының нөмірі мен жасалған күні, жалға алу мерзімі және жалға алынған үй-жайдың жеріне кадастрлық нөмірі көрсетіледі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Об утверждении Правил ведения реестра операторов технического осмотра

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 мая 2016 года № 451. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июня 2016 года № 13826.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 89 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года "О дорожном движении" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения реестра операторов технического осмотра.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ________________ К. Бишимбаев

      31 мая 2016 года

  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 31 мая 2016 года № 451

Правила ведения реестра операторов технического осмотра
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения реестра операторов технического осмотра (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 89 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года "О дорожном движении" и определяют порядок ведения реестра операторов технического осмотра.

      2. Реестр операторов технического осмотра (далее – реестр) создается с целью ведения единого перечня операторов технического осмотра, осуществляющих проведение обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним.

      3. Реестр представляет собой единый, периодически уточняемый перечень операторов технического осмотра и содержащий все необходимые сведения информационно-справочного характера о них.

      4. Ведение реестра осуществляется Комитетом транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган) по форме, согласно приложению к настоящим Правилам на основании представленных сведений территориальных органов Комитета транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – органы транспортного контроля).

Глава 2. Порядок ведения реестра операторов технического
осмотра

      5. Включение в реестр предусматривает подачу индивидуальным предпринимателем и юридическим лицом в органы транспортного контроля уведомления о начале деятельности оператора технического осмотра в порядке, предусмотренном статьей 46 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" (далее – Закон о разрешениях).

      6. Реестр содержит следующие сведения:

      1) наименование оператора технического осмотра;

      2) адрес (индекс, область, район, город (поселок, село), улица, дом), контактные телефоны, адрес электронной почты оператора технического осмотра;

      3) местонахождение стационарной линии технического осмотра;

      4) режим работы стационарной линии технического осмотра;

      5) тип, количество стационарных и мобильных линий технического осмотра;

      6) регион деятельности оператора технического осмотра;

      7) изменения и дополнения, вносимые в реестр;

      8) исключения из реестра;

      9) контрольно-диагностическое оборудование с указанием номера и даты первичной поверки, а также сведения по периодическим поверкам с указанием номера и даты сертификата о поверке средств измерений, с указанием места и наименования организации проводившего поверку средств измерений;

      10) кадастровый номер на землю стационарной линии технического осмотра, при аренде помещения указывается номер и дата заключения договора аренды, срок аренды и кадастровый номер арендуемого помещения.

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 26.04.2023 № 298 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6-1. Открытие деятельности оператора технического осмотра осуществляется по месту регистрации субъекта предпринимательства в пределах административно-территориальных границ по месту своей регистрации.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 6-1 в соответствии с приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 26.04.2023 № 298 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Органы транспортного контроля в течение одного рабочего дня со дня приема уведомления о начале деятельности оператора технического осмотра представляют в уполномоченный орган сведения, указанные в подпунктах 1) – 6) пункта 6 настоящих Правил либо отклоняет уведомление при непредставлении полных сведений.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 26.04.2023 № 298 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Уполномоченный орган осуществляет размещение реестра на своем интернет-ресурсе: www.mid.gov.kz.

      9. В случае изменения юридического адреса индивидуального предпринимателя, места нахождения юридического лица, адреса осуществления деятельности или действий, указанных в уведомлении о начале деятельности оператора технического осмотра, а также регистрационных данных, информация о которых является обязательной для заполнения в уведомлении о начале деятельности оператора технического осмотра, оператор технического осмотра в течение десяти рабочих дней со дня изменения направляет уведомление об указанных изменениях в порядке, предусмотренном Законом о разрешениях.

      10. Органы транспортного контроля в течение одного рабочего дня со дня получения от оператора технического осмотра уведомления об изменении его юридического адреса, места нахождения, адреса осуществления деятельности по проведению обязательного технического осмотра, регистрационных данных, о прекращении деятельности, а также в течение одного рабочего дня после вступления постановления по делу об административном правонарушении в законную силу в отношении оператора технического осмотра за совмещение оказания услуг по проведению обязательного технического осмотра и ремонту, техническому обслуживанию механических транспортных средств и прицепов к ним, предоставление заведомо недостоверной информации при включении в реестр операторов технического осмотра, нарушение Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11333), совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, представляют в уполномоченный орган соответствующие сведения.

      Уполномоченный орган осуществляет обновление реестра, размещенного на интернет-ресурсе, в течение двух рабочих дней со дня поступления соответствующих сведений.

      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 30.11.2018 № 843 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      11. Оператор технического осмотра исключается из реестра по основаниям, предусмотренным статьей 49 Закона о разрешениях.

  Приложение
к Правилам ведения
реестра операторов
технического осмотра

      форма

Реестр операторов технического осмотра

      Сноска. Приложение - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 26.04.2023 № 298 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№п/п

Наимено вание опера тора техни ческого осмотра

Адрес (индекс, область, район, город (поселок, село), улица, дом), контак тные телефоны, адрес электрон ной почты опера тора техни ческого осмотра

Местона хождение стацио нарной линии техни ческого осмотра

Режим работы стацио нарной линии техни ческого осмотра

Тип и коли чество стацио нарной линии техни ческого осмотра

Тип и коли чество мобиль ной линии техни ческого осмотра

Регион деятель ности опера тора техни ческого осмотра

Измене ния и допол нения, вноси мые в реестр опера торов техни ческого осмотра

Исклю чения из реестра опера торов техни ческого осмотра

Кон трольно-диагнос тическое обору дование с указанием номера и даты первичной поверки, а также сведения по перио дическим поверкам с указанием номера и даты серти фиката о поверке средств изме рений, с указа нием места и наиме нования органи зации прово дившего поверку средств изме рений

Кадастровый номер на землю стационарной линии технического осмотра, в случае аренды помещения указывается номер и дата заключения договора аренды, срок аренды и кадастровый номер на землю арендуемого помещения

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12