ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 05.04.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атрқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 422 Бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 451 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13826 болып тіркелген).
2. "Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 843 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17873 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 298 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32381 болып тіркелген).