Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9658 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 88-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қызмет өңірін айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 "Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 6874 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 тамыздағы № 242 (26663) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 676 "Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 8806 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 тамыздағы № 242 (26663) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М.Қ. Пішембаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 392 бұйрығымен
бекітілді

Қызмет өңірін айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 257.02.2015 № 248 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қызмет өңірін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларда Қазақстан Республикасының барлық аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі - КҚ) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қарап тексеру операторларының өңірлік қызметін айқындау тәртібін белгілейді.

      3. Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілері үшін қызмет өңірін техникалық қарап тексерудің стационарлық желілері жоқ елді мекендер мен өңірлер атауларының тізбелерін жасау арқылы техникалық қарап тексеру операторы айқындайды.

      Техникалық қарап тексерудің стационарлық желілері жоқ елді мекендер мен өңірлер атауларының тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі – Комитет) жасайды және www.miid.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Техникалық қарап тексеру операторы (бұдан әрі - Оператор) техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісімен өзінің тіркелген орны бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде міндетті техникалық қарап тексеруді қамтамасыз етеді.

      5. Өңірлерде техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілердің пайдалануымен КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеру Оператормен стационарлық желілері жоқ аудандық маңызы бар қалаларда, әкімшілік орталық аудандарда және ауылдық округтерде қамтамасыз етіледі.

      6. КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілері бар техникалық қарап тексеру операторы қызмет өңірі шегінде КҚ-ның міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесін (бұдан әрі - Кесте) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.

      7. Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісі міндетті техникалық қарап тексеруді жыл бойы бекітілген Кестеге сәйкес өтуін қамтамасыз етеді.

      8. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Оператор тұрғындарды Кесте туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында хабарлайды.

      Оператор Кестенің көшірмесін күнтізбелік бес күн ішінде Комитеттің аумақтық органдарына жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қызмет өңірі шегіндегі міндетті техникалық қарап тексеруді қамтамасыз еткен техникалық қарап тексерудің операторы қызмет өңірінен тыста міндетті техникалық қарап тексеруді жүзеге асырады.

      14. Азаматтық-құқықтық қатынастар шеңберінде заңды тұлғалар КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеруді өткізген жағдайда, Операторға Кестені бұзбастан, астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеруді қоспағанда, заңды тұлғаның аумағына кіру үшін техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілерін қолдануға рұқсат етіледі.

  Қызмет өңірін айқындау
қағидаларына қосымша
  Нысаны

Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесі


р/с

Елді мекендердің атауы

Міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кезеңі (күні)

Міндетті техникалық қарап тексеру өткізу орны

Жұмыс режимі

1

2

3

4

5


ауданның атауы












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады