Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 32381 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 298 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9658 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызмет өңірін айқындау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Техникалық қарап-тексеру операторы (бұдан әрі - Оператор) техникалық қарап-тексерудің стационарлық және/немесе ұтқыр желілерімен өзінің тіркелген орны бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде міндетті техникалық қарап-тексеруді қамтамасыз етеді.";

      13-тармақ алып тасталсын.

      2. "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3 және 6-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде техникалық қарап-тексеру операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін ұсынады.

      Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметін алу үшін техникалық қарап-тексеру операторы БАЖ операторына:

      өтініш;

      жеке басын куәландыратын сенімді деректерді;

      техникалық қарап-тексеру орталығының атауы, нақты орналасқан жерінің мекенжайы, техникалық қарап-тексеру операторының заңды мекенжайы;

      "E-gov" электрондық үкіметтің порталы арқылы ұсынылған дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік және/немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті;

      жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шартының көшірмесін);

      аумақ пен үй-жайдың ҚР СТ 1811-2011 "Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап-тексеру. Бақылау әдістері" мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты;

      арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету шартының көшірмесін (техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне);

      техникалық қарап-тексеру операторының қызметінің басталғаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның көшірмесін (техникалық қарап-тексеру операторының ашылу өңірі бойынша);

      роликті тежегіш стендінің, люфтіні өлшегіш, газ талдағыштары және түтін өлшегіш, фаралардың жарығын тексерудің электрондық құралы, рульмен басқару және ілгіштің бөлшектерінде люфтілерді тексеру тестілері паспорттары мен сертификаттарының көшірмелерін;

      ұтқыр/стационарлық, жеңіл автомобильдер, жүк автомобильдері немесе әмбебап техникалық қарап-тексеру станциясы көрсетілген ақпаратты;

      паспортта көрсетілген әрбір жабдықтың ID сәйкестендіргіштерін көрсете отырып ақпаратты (тежегіш стенді, фаралардың жарық параметрлері, люфті өлшегіші, түтін өлшегіш, газ талдағышы, IP камера) ұсынады.

      Екі және одан да көп техникалық қарап-тексеру орталықтары ашылған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін алуға өтініш техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне беріледі.

      6-2. БАЖ операторы ұсынылған құжаттар толған жағдайда міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге техникалық қарап-тексеру операторымен шарт жасасады.

      6-3. Осы Қағидалардың 6-1-тармағына сәйкес құжаттар толық болмаған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге шарт жасасуға жол берілмейді.

      6-4. БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге міндетті техникалық қарап-тексерудің операторына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу тәртібін бұза отырып, көлік құралына техникалық қарап-тексеру жүргізу фактісі анықталған кезде, оның ішінде көлік құралына жалған техникалық қарап-тексеру жүргізу белгілері анықталған кезде жол берілмейді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көлік құралын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін қажетті уақыт көлік құралының типі мен жіктемесіне сәйкес белгіленеді. 15 минут ішінде O-1, L-1-7 типті санаттар, 20 минут ішінде М-1 санаттары, М-2, М-3, N-1, N-2, N-3, О-2, О-3, О-4 санаттары 30 минут ішінде.

      БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралының типі мен жіктелуіне байланысты көлік құралдарын техникалық қарап-тексерудің нәтижелері туралы келіп түсетін деректердің саны бойынша функционалды іске асырады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кіреді:

      1) роликті тежегіш стенді;

      2) люфті өлшегіш;

      3) газ талдағышы және түтін өлшегіш;

      4) фаралардың жарығын тексерудің электрондық аспабы;

      5) рульдік басқару және аспа бөлшектеріндегі люфтіні тексеру тестері;

      6) шу өлшегіш.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Шығару құбырының кесіндісінен 0,5 м қашықтықта өлшенген көлік құралының пайдаланылған газдарын шығарудың шу деңгейі қозғалтқыштың иінді білігінің тұрақты нысаналы айналу жиілігін ұстап тұру кезінде және оның айналуын баяулату режимінде қозғалтқыштың жұмыс істемей тұрған кезде қозғалмайтын көлік құралындағы газ ағынының осіне 45о+10о бұрышында нысаналы жиіліктен ең төменгі бос жүріс жиілігіне дейін көлік құралын дайындаушы белгілеген мәндерден, ал оның айналуын баяулату режимі бұл деректер - "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" 018/2011 КО ТР Кеден одағының Техникалық регламентінің 9.2-кестесінде көрсетілген мәндер болмаған жағдайда 5 дБ-ден аспауы тиіс.

      Қозғалтқыштың иінді білігінің мақсатты айналу жиілігі:

      Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі 5000 мин-1-ден аспайтын, қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі бар көлік құралдары үшін қозғалтқыштың барынша жоғары қуатына сәйкес келетін айналу жиілігінің 75%;

      3750 мин-1 қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі барынша жоғары қуатқа сәйкес келетін көлік құралдары үшін 5000 мин-1, бірақ 7500 мин-1-ден аз болмауы;

      Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі 7500 мин-1 және одан жоғары көлік құралдарына арналған қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігінің 50%.

      Егер іштен жану қозғалтқышы иінді біліктің көрсетілген айналу жиілігіне жете алмаса, онда мақсатты жиілік қозғалмайтын көлік құралы үшін мүмкін болатын ең жоғары деңгейден 5% төмен қабылданады.

      Іштен жану қозғалтқышы жұмыс істей алмайтын көлік құралы үшін көлік құралы қозғалыссыз болған кезде тексеру жүргізілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу үшін пайдаланылатын өлшеу құралдарын тексеру туралы берілген сертификаттар туралы мәліметтерді қамтитын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне электрондық картадағы стационарлық және ұтқыр желілерден жүргізілген техникалық қарап-тексеру туралы деректердің түсуін қамтамасыз ететін функционалдың жұмысын қамтамасыз етеді, бұл міндетті техникалық қарап-тексерудің нақты уақыты мен орнын анықтауға мүмкіндік береді.

      Техникалық қарап-тексеру операторы ұтқыр және стационарлық желілерде орналасқан жерінен мәліметтерді беруді қамтамасыз ету үшін навигация жүйесін орнатады.";

      31-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) диагностикалық картаға көлік құралында орнатылған әрбір газ баллонына паспорт деректері бар газ баллонының сериялық нөмірі енгізіледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      35. Көлік құралдарына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу нәтижелері бойынша техникалық қарап-тексеру операторы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын жасайды (бұдан әрі – диагностикалық карта).

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламалық-аппараттық кешенге ақпарат пен мәліметтерді беру мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық, сондай-ақ көлік құралын тіркеу құралдары кіреді.

      Көлік құралының тежегіш жүйесін тексеру фотоны тіркеуі бар роликті тежегіш стендте қамтамасыз етіледі. Фотоны тіркеу құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ тежегіш стендінің роликтеріндегі көлік құралының, тіркеменің (жартылай тіркеменің) алдыңғы және артқы осін бір мезгілде қарау қамтамасыз етілетін жерде орналастырылады.

      Міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу процесі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бойынша көлік құралын сәйкестендіруді қамтамасыз ететін фото және бейнетіркеу құралымен тіркеледі. Бейнетіркеу құралы техникалық қарап-тексерудың барлық желілеріне шолу қамтамасыз етілетін жерде орналастырылады.

      Техникалық қарап-тексеру операторы міндетті техникалық қарап-тексеру өткізілген сәттен бастап алты ай ішінде көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізудің және фотоны тіркеудің барлық рәсімдерін күнделікті жазудың бейнефайлын мұрағаттық сақтауды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

      "43-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу тәртібін бұзғаны анықталған техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасының күшін жояды, оның ішінде көлік құралына жалған техникалық қарап-тексеру жүргізу белгілері бар техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы жойылуға жатады.

      Диагностикалық картаны жою кезінде, БАЖ операторы көлік құралының иесіне техникалық қарап-тексеруден қайта өту қажеттігі туралы хабарлайды.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету үшін БАЖ операторы салалық Қауымдастық және Қоғамдық Бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп :

      1) "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын белгіленген талаптарға (бұдан әрі - Талаптар) сәйкестігіне және белгіленген Талаптармен тыйым салынған, оның ішінде деректерді қолмен енгізуге мүмкіндік беретін тәсілмен мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық белгілердің болмауына;

      2) бастапқы кодтың тікелей компиляциялауға және құрастыруға дайындығына жарты жылда бір рет барлық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарының жұмысына мониторинг жүргізеді.

      БАЖ операторы мониторинг нәтижелері бойынша "Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19090 болып тіркелген) белгіленген талаптарға мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның сәйкестігі және/немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресімдейді.";

      мынадай мазмұндағы 53-1 және 53-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "53-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде:

      көлік құралы туралы мәліметтердің заңдылығы болмаған кезде диагностикалық картаны қалыптастырудан және беруден автоматты түрде бас тарту;

      техникалық қарап-тексерудің жалған диагностикалық картасын беру фактісін автоматты түрде тануды қамтамасыз ететін функционалды жұмысын қамтамасыз етеді.

      "53-2. БАЖ операторы көлік құралдарына техникалық қарап-тексеру жүргізу нәтижелері туралы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне келіп түсетін деректерге аптасына кемінде екі рет объективті мониторинг жүргізу үшін көлік саласындағы салалық қауымдастықтар мен ұйымдар қатарынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерімен (келісім бойынша) жұмыс тобын құрады.

      Мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабымен көзделген шараларды одан әрі қабылдау үшін жұмыс тобының барлық мүшелері қол қоятын және көлік саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес диагностикалық карталарды тексеру актісімен ресімделеді.

      БАЖ операторы жұмыс тобының актісі негізінде осы Қағидалардың 6-4 және 43-1-тармақтарының талаптарына сәйкес шаралар қабылдайды.

      Көлік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған жұмыс тобының актісі негізінде техникалық қарап-тексеру операторына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жүргізу және әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін аумақтық көліктік бақылау органына нұсқау жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:

      "54-1. Осы Қағидалардың 52-тармағында көзделген шарттар сақталмаған кезде БАЖ операторы осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға арналған қолданыстағы сәйкестендіру кілтін іске қоспайды.";

      5757 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. БАЖ операторы түрлендіргіштің тікелей мәнін белгілейді, ол хеш-функцияларды парольмен бірге береді және түрлі-түсті кестелерін пайдалана отырып, сөздік бойынша іріктеулерден және шабуылдардан қорғау, сондай-ақ бірдей парольдерді жасыру үшін пайдаланылады.

      Түрлендіргіштің тікелей мәнін БАЖ операторы белгілейді және беруге жатпайды.

      58. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда белгіленген Талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде БАЖ операторы деректерді осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдар механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне беру мүмкіндіктерін жояды.

      1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      3. "Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 451 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13826 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақтармен толықтырылсын:

      "9) бастапқы тексеру нөмірі мен күнін көрсете отырып, бақылау-диагностикалық жабдық, сондай-ақ өлшеу құралдарын тексеруді жүргізген ұйымның орны мен атауын көрсете отырып, өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні көрсетілген мерзімді тексерулер бойынша мәліметтер;

      10) стационарлық техникалық қарап-тексеру желісінің орналасқан жерінің кадастрлық нөмірі, үй-жайды жалға алу кезінде жалдау шартының нөмірі мен жасалған күні, жалға алу мерзімі және жалға алынған үй-жайдың кадастрлық нөмірі көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Техникалық қарап-тексеру операторының қызметін ашу кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген жері бойынша әкімшілік-аумақтық шекаралар шегінде өзінің тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көлiктiк бақылау органдары техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 6-тармағы 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады не толық мәліметтер ұсынылмаған кезде хабарламаны қабылдамайды.";

      қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 532 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19090 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарда:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. МБҚ:

      1) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде (МТҚ қызметкері) әрбір пайдаланушы үшін (БҚ) жеке тұлғаның ЭЦҚ арқылы жеке авторландыру;

      2) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тану;

      3) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің параметрлерін диагностикалық жабдықтардан беру;

      4) міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімділігіне сәйкес кейінгі міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімін автоматты түрде белгілеу;

      5) нақты уақыт режимінде міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу нәтижелері бойынша БАЖ-ға сенімді мәліметтерді ұсыну;

      6) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тексеру нәтижелері бойынша техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын қалыптастыру;

      7) бақылау-диагностикалық жабдық оған қосылмаған және конфигурациялау кезінде әкімші алдын ала белгілегендерден басқа, камералардың өзге үлгілерінен фотосуретті алған кезде "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-ға техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын қалыптастыруға және жөнелтуге автоматты түрде бас тарту;

      8) техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын мемлекеттік және орыс тілдерінде және өлшеу хаттамасын экран мен баспаға, сондай-ақ ауытқуларды көрсете отырып, тармақтары белгіленген нормативтерге сәйкес келмейтін диагностикалық картаның екінші парағына шығару;

      9) роликті тежегіш стендте алдыңғы осьтің немесе тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы осін тежегіш жүйесінің көрсеткіштерін алу кезінде көлік құралын фотокамерадан және бейнекамерадан түсіруді қамтамасыз ету;

      10) бақылау-диагностикалық жабдықтардан, фотокамералар мен бейнекамералардан алынған деректерді түзетуге жол бермеу;

      11) дерекқордың резервтік көшірмелерін жасау;

      12) резервтік көшірмелерден дерекқорды қалпына келтіру;

      13) HDD дискісі істен шыққан жағдайда дерекқордың тұтастығын тексеру;

      14) автоматты жаңартуларды орнатуды қолдау;

      15) МБҚ жаңарту туралы ақпаратты логиндеу (тіркеу), сәйкестендіру белгілерін, сондай-ақ әрбір пайдаланушының әрекеттерін көрсете отырып, жабдықты қосу және ауыстыру;

      16) IP, Web және ұқсас камералардың жұмысын қолдау;

      17) айына 1 рет парольді ауыстыру;

      18) тіркелген фотосуреттің геолокациясын көрсете отырып, кадрды түсіру арқылы IP-камераның бейне ағынынан тікелей техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасында деректерді қабылдау және фотосуретті түсіру;

      19) "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ операторының сұрау салуы бойынша логиндеу тарихын ұсыну функцияларын орындайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. МБҚ аппараттық-бағдарламалық кешеннің тиісті жұмысын қамтамасыз етеді және техникалық қарап-тексеру операторының өтінімі бойынша бір жұмыс күнінен кешіктірмей техникалық қарап-тексеру орталығы орналасқан жерге барады және ақауларды жояды.

      МБҚ иесі "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ жеке кабинетінде МБҚ және техникалық қарап-тексеру операторы арасында қолданыстағы шарттық қатынастардың ашылуы мен жарамдылығына өтінімді растайды.

      МБҚ иесі техникалық қарап-тексеру операторының "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-да өзекті электрондық журналды жүргізеді.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) МҚБ жұмыс станцияларында пайдаланушылардың белсенділігін мониторингтеу және деректердің бұзылуын болдырмау жүйесін енгізу.";

      мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:

      "11. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс қимылды жүзеге асыратын МҚБ сенімді бағдарламалық қамтылымдар және электрондық өнеркәсіптің өнімдер тізіліміне кіреді.

      Техникалық қарап-тексеру операторларының әрекеттерін бақылау үшін МҚБ-да DLP функциясын қосу.

      12. Көлік құралының типі мен жіктемесіне сәйкес көлік құралын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін белгіленгеннен уақыттан аз көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізген кезде механикалық көлік құралдарын және оның тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне техникалық қарап-тексерудің диагностикалық карталарын қалыптастырудан және жөнелтуден автоматты түрде бас тарту: O-1, L-1-7 – 15 минут, санаты М-1 -20 минут, санаттары М-2, М-3, N-1, N-2, N-3, О-2, О-3, О-4 –30 минутты құрайды.".

  тізбесіне
1-қосымша
  Қарулы Күштердің, басқа да
әскерлер мен әскери
құралымдардың механикалық
көлік құралдары мен олардың
тіркемелерін қоспағанда,
механикалық көлік құралдары
мен олардың тіркемелерін
міндетті техникалық қарап-
тексеруді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы № ___

      Certificate of periodic technical inspection

      Алдыңғы жағы

Техникалық қарап-тексеру операторы (оператордың атауы және мекенжайы):

Бастапқы тексеру

қайта тексеру

Диагностикаланатын
көлік құралының
фотосуреті

Мемлекеттік
тіркеу нөмірі:


Көлік құралының иесі:


Сәйкестендіру нөмірі
(VIN):


Маркасы, моделі:


Шығарылған жылы:


Көлік құралдарын тіркеу туралы
куәлік (сериясы, нөмірі):


Кузов нөмірі:


Рама нөмірі:


Қозғалтқыш нөмірі:


Көлік құралының санаты:



Тексерілетін параметрлер
және қойылатын талаптар

Тексерілетін параметрлер және қойылатын талаптар


Тексерілетін параметрлер және қойылатын талаптар








I. Тежеу жүйелері

15

Жүргізуші тарапынан әйнектің жартысын тазалағышпен тазалау аймағында алдыңғы әйнекте жарықтар болмауы

29


Отынның ағуы және пайдалану сұйықтықтарының тамшысының болмауы

1

Жұмыс тежегіш жүйесінің тиімділік көрсеткіштерінің сәйкестігі

16

Белгіленген талаптарға сәйкес артқы көрініс айналарының болуы және күйі

30


Газбен жұмыс істейтін көлік құралдарының қоректендіру жүйесінің герметикалығын бұзбау. Газ баллондарының белгіленген талаптарға сәйкестігі

2

Айырмашылықтың сәйкестігі
белгіленген талаптарға тежегіш күштері

IV. Сыртқы
Жарық аспаптары

31

"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" КО ТР 018/2011 Кеден одағының Техникалық регламентінде белгіленген көлік құралының пайдаланылған газдарын шығару шуының шекті рұқсат етілген деңгейіне сәйкестігі
VII. Конструкцияның басқа элементтері

3

Тұрақ тежегіш жүйесінің тиімділік көрсеткіштерінің сәйкестігі

17

Конструкцияда көзделген орындарда фаралардың, сигналдық шамдардың болуы және орналасуы

32


Жұмыс істейтін дыбыстық сигналдық құрылғының болуы

4

Құлыпқа қарсы тежегіш жүйелерінің сигнализаторларының жұмыс істеуі

18

Фаралар мен сигнал шамдарының жай-күйі, жұмысқа қабілеттілігі және жұмыс режимі

33


Бір осьті тіркемелерде (таратуды қоспағанда) және жұмыс тежегіш жүйесімен жабдықталмаған тіркемелерде жұмыс істеуге қабілетті сақтандыру құрылғыларының болуы

5

Тежегіш жетегінің герметикалығының бұзылуының, қысыммен тежегіш шлангілерінің ісінуінің, жарықтардың, көрінетін ысқылау орындарының, тотығудың, герметикалықтың жоғалуына немесе бұзылуына қауіп төндіретін бұзылудың болмауы

19

Реттеу бұрыштары мен фаралардың жарық күшінің белгіленген талаптарға сәйкестігі

34


Автоматты құлыптау, қолмен және автоматты құлыптау седла-ілінісу құрылғысының өнімділігі. Ілінісу құрылғыларында жарықтар мен көрінетін зақымдардың болмауы

6

Тежегіш сұйықтығының ағып кетпеуі

20

Жарық аспаптары диффузорларының, оптикалық элементтердің, оның ішінде түссіз немесе боялған бөлшектер мен пленкалардың бұзылуының және жарылуының болмауы

35


Көлік құралдарын жарамды қауіпсіздік белдіктерімен жарақтандыру

II. Рульдік басқару

V. Шиналар, дөңгелектер және суспензия

36


Дыбыс өшіргіштер мен шығатын құбырлардың болуы

7

Рульдік басқарудағы жиынтық ойыннан шекті мәндердің асып кетпеуі

21

Шиналар протекторы үлгісінің биіктігінің белгіленген талаптарға сәйкестігі

37


Спидометрдің жұмыс істеу қабілеттілігі

8

Рульдік доңғалақты бейтарап позициядан өздігінен бұрудың болмауы

22

Сымды ашатын шиналардың жергілікті протекторлық бөлінуі және жергілікті зақымдануы (сынуы, кесілуі, жыртылуы) жоқ

38


Бамперлер мен доңғалақ үстіндегі балшықтан қорғайтын құрылғылардың болуы және жай-күйі

9

Руль бағанасы мен руль тетігінің картерін бекіту бөлшектерінің зақымданбауы және толық жиынтығы

23

Барлық болттардың немесе гайкалардың дискілер мен доңғалақ жиектерінің болуы

39


Салон еденінде тесіктердің болмауы, орындықтар мен тұтқаларды сенімді бекіту, орындықтар қаптамасының және тұтқалардың жұмсақ элементтерінің тұтастығы, орындықтарды реттеу және бекіту тетіктерінің, автобустарда, шағын автобустарда және таксилерде желдету, жылыту жүйесінің жұмыс қабілеттілігі

10

Руль тетігінде және руль жетегінде қалдық деформация, жарықтар және басқа ақаулар іздерінің болмауы

24

Дискілерде және доңғалақ жиектерінде жарықтардың болмауы

40


Балаларды ұстайтын құрылғылардың және оларды бекіту орындарының жай-күйі мен жұмыс істеуі. Белгіленген талаптарға сәйкес келетін авариялық тоқтату белгісінің, өрт сөндіргіштердің және қобдишаның болуы

III. Шолу

25

Белгіленген талаптарға сәйкес көлік құралына шиналарды орнату

41


 
"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" КО ТР 018/2011 Кеден одағының Техникалық регламентінде белгіленген мамандандырылған және арнайы көлік құралдарының қосымша талаптарына сәйкестігі

11

Желқағар әйнектің әйнек тазалағыштарының болуы және жұмыс істеу қабілеттілігі

26

Аспа тораптары мен бөлшектерінің жай-күйі, сондай-ақ оларды бекіту орындарында орын ауыстырудың (конструкцияда көзделмеген) және люфттердің болмауы


 
VIII. Раманың, кузовтың жағдайы

12

Әйнек жуғыштың саптамасының алдыңғы әйнектің болуы және шыны жуғыштың шыныны тазалау аймақтарына сұйықтық беруін қамтамасыз етуі

VI. Қозғалтқыш және оның
жүйелері

42


Қосымша жабдықтардың және аэрографиялық үш өлшемді суреттердің болуы

13

Жүргізуші орнынан көрінуді шектейтін қосымша заттардың немесе жабындардың болмауы. Алдыңғы әйнектің жоғарғы жағындағы пленка жолағының белгіленген талаптарға сәйкестігі

27

Көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы ластаушы заттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі

43


Доңғалақ базасының, габариттері мен сызықтық өлшемдерінің дайындаушы кәсіпорынның конструктивтік параметрлеріне сәйкестігі

14

Алдыңғы әйнектің, алдыңғы бүйір әйнектің және алдыңғы есіктің әйнегінің жарық беру нормасына сәйкестігі

28

Пайдаланылған газдар түтінінің рұқсат етілген шекті деңгейінің белгіленген талаптарға сәйкестігі

44


Кабинаның, жақтаудың, қосалқы жақтаудың жағдайы

      Артқы жағы

Диагностика нәтижелері

Сәйкессіздік анықталған параметрлерді тексеру

Диагностикалық карта элементі

Төменгі шекара

Тексеру нәтижесі

Жоғарғы шекара

Параметр атауы









































Сәйкессіздік орнатылған параметрлерді визуалды тексеру


Тексеру нысанасы (түйін, бөлшек, агрегат)

Талаптарға сәйкессіздік мазмұны


























Көлік құралының деректері

Жүктеме жоқ масса:

Рұқсат етілген барынша жоғары масса:

Отын түрі:

Жүріп өткен көрсеткіші:

Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі/ сәйкессіздігі туралы қорытынды (қажетсіз сызып тастау)

сәйкес келеді
matches

сәйкес емес
does not match

Қайта тексеруді қажет ететін диагностикалық карта пункттері:


Диагностикалық картаның берілген күні:
20____ жылғы "___" _______

Техникалық сарапшының Т.А.Ә.
(бар болса):

Қолы:

Міндетті техникалық қарап-тексеруден келесі өту мерзімі:
20____ жылғы "___" _______



Көлік құралының меншік иесінің және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің өзгерістері

Көлік құралының иесі:

МО_________________
Күні _______________

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі:

  тізбесіне
2-қосымша
  Қарулы Күштердің, басқа да
әскерлер мен әскери
құралымдардың механикалық
көлік құралдары мен олардың
тіркемелерін қоспағанда,
механикалық көлік құралдары
мен олардың тіркемелерін
міндетті техникалық қарап-
тексеруді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      20__ жылғы "__" _______ №___

Диагностикалық карталарды тексеру актісі

      "Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне" (бұдан әрі – "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы техникалық қарап-тексерудің операторлары/орталықтары/стационарлық желілері ұсынған мәліметтерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы.

      Жұмыс тобының отырысы барысында мынадай операторлар/орталықтар/стационарлық техникалық қарап-тексеру желілері "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-ға ұсынған міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер қаралды:

ТБО

Диакарта нөмірлері

Тексерілген ДК саны

Бұзушылықтары бар ДК нөмірлері

Бұзушылықтары бар ДК саны

Бұзушылық түрі

Мәртебесі

1








      Қорытынды:

      Қорытынды: Тексеру нәтижесінде жұмыс тобы оператор/орталық/стационарлық желі техникалық қарап-тексеру операторларынан "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-да міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы ұсынған мәліметтердің дәйексіз екендігі туралы шешім қабылдады.

      Барлығы _ _ _ ДК тексерілді, оның ішінде бұзушылықтар ____ ДК құрайды.

      Осыған орай, Қазақстан Республикасының техникалық қарап-тексеру саласындағы уәкілетті органына техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бұзудың анықталған белгілері туралы ұсыныс хат жіберілетін болады.

      Жұмыс тобының мүшелері:


ТАӘ

Лауазымы

Қолы



1






2






3





  тізбесіне
3-қосымша
  Техникалық қарап-тексеру
операторларының тізілімін
жүргізу қағидаларына
қағидаларына
қосымша

      Нысаны

Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімі

№р/с

Техникалық қарап-тексеру операторының атауы

Мекенжайы (индексі, облысы, ауданы,
қала (кент, ауыл),
көше, үй), Байланыс телефондары, техникалық қарап-тексеру операторының электрондық пошта мекенжайы

Техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісінің орналасқан жері

Техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісінің жұмыс режимі

Техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісінің типі және саны

Техникалық қарап-тексерудің ұтқыр желісінің типі және саны

Техникалық қарап-тексеру операторы қызмет өңірі

Техникалық қарап-тексеру операторы тізіліміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Техникалық қарап-тексеру операторы тізілімінен алып тастау

Бастапқы тексеруден өткен нөмірі мен күні көрсетілген бақылау-диагностикалық жабдығы, сондай-ақ өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні көрсетілген мерзімді тексерулер бойынша мәліметтер, өлшеу құралдарын тексеруді жүргізген орны мен ұйымның атауы

Стационарлық техникалық қарап-тексеру желісінің жерге кадастрлық нөмірі, үй-жайды жалға алған жағдайда жалға алу шартының нөмірі мен жасалған күні, жалға алу мерзімі және жалға алынған үй-жайдың жеріне кадастрлық нөмірі көрсетіледі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады