"Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 458 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 маусымда № 13854 болып тіркелді

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымдағы № 87 (2077) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
      «45-1. Формуляр әр кемеге жеке жүргізіледі және кемеге берілген актілер мен куәліктердің көшірмелерінен тұрады.
      Формулярдың сыртқы бетінде титул парағы жабыстырылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице министрге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады