"Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 554 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 шілдеде № 13949 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 04.06.2018 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 296 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11325 болып тіркелген, 2015 жылы 24 маусымда "Әділет" Ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген "Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентінде (әрі қарай – регламент):

      регламенттің 5-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өтінішті сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті директорының қарауы;

      3) өтінішті сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті қызметкерінің қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;";

      регламенттің 6-тармағының 3), және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры;

      4) сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкері.";

      регламенттің 7-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкеріне нұсқаумен жібереді;

      3) сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкері құжаттар топтамасы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні, қайта ресімдеу кезінде 3 (үш) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын берген кезде 2 (екі) жұмыс күні;";

      регламенттің 9-тармағының 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды порталда тіркеуден өткізеді және портал арқылы сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті директорының қарауына береді;

      2) сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкеріне нұсқаумен жібереді;

      3) сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкері өтінім портал арқылы алынған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні, қайта ресімдеу кезінде 3 (үш) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын берген кезде 2 (екі) жұмыс күні;";

      регламенттің 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      регламенттің 4-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 11 шілдедегі № 554
бұйрығына 1-қосымша
  "Сот-сараптама қызметiмен
айналысу үшiн лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтің регламентiне
1-қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
іс-қимыл жасау рәсiмдері (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң мәтiндiк
кестелiк сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ)
әрекетiнiң сипаттамасы

Рәсiмдер (iс-қимылдар) №

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Кеңсе

Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры

Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкері

УО басшысы

Iс-қимылдардың атауы және олардың сипаттамасы

Лицензия беруге, қайта ресiмдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге өтiнiштi және қажеттi құжаттар тiзбесiн қабылдау, алынған құжаттарға тiркеу жасау, бұл ретте өтiнiштiң оң жақ төменгi бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрi көрсетіле отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады

Тiркеуге келiседi және сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкеріне нұсқама жiбередi

Көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды, тiзiлiмге лицензия беру, қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын беру туралы тиiсiнше жазба енгiзу, лицензияны қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын ресiмдеу

Өтiнiштi қарау, лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қою.

Аяқталу нысаны

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайына пошта арқылы жiбередi

Орындау мерзiмi мен басқарманың жауапты орындаушысы қамтылған қарары бар құжаттар

Тiркеу тiзiлiмiне жазба, лицензияны ресiмдеу, қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын ресiмдеу

Лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қою, электрондық лицензия беру

Орындау мерзiмi

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

12 жұмыс күні

1 жұмыс күні

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.

Кеңсе

Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры

Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкері

УО басшысы

1. Лицензия беруге, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасын беруге өтiнiш және қажеттi құжаттар тiзбесiн қабылдау, бұл ретте, өтiнiштiң төменгi оң жақ бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрi көрсетіле отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады.

2. Тіркеуді келіседі және сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкеріне нұсқама жiбередi

3. Лицензия беруден, қайта тіркеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны ресiмдейдi.

4. Лицензия беруден, қайта ресiмдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыға қол қояды

6. Лицензия беруден, қайта ресiмдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайына жiбередi


5. Лицензия беруден, қайта ресiмдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны кеңсеге жiбередi.


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 11 шілдедегі № 554
бұйрығына 2-қосымша
  "Сот-сараптама қызметiмен
айналысу үшiн лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтің регламентiне
4-қосымша

"Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      *Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органға жүгінген кезде қызмет көрсету тәртібі;



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады