"Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 660 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 шілдеде № 13985 болып тіркелді

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3505 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2005 жылғы 22 қарашада № 152 (766) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың мемлекеттік тілдегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесінде:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қадағалауға алынған адам әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне жарияланған шектеулердi бұзған, сол сияқты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайларда, белгіленген әкімшілік қадағалау мерзiмi iшкi iстер органдарының уәжді ұсынуы бойынша судьяның қаулысымен – әрбір кезде алты айға ұзартылады, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс, ал кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты әрбір кезде бір жылға ұзартылады. Осыған байланысты әкімшілік қадағалаудың ұзарту мерзімі судьяның әкімшілік қадағалауды ұзарту туралы қаулысы шыққан кезден бастап есептеледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады