Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 23.12.2024 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережесінің 15) тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 23.12.2024 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 23.12.2024 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін оның төлнұсқасына толық сәйкес келетін графикалық форматтағы көшірмелерін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.04.2021 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі
Ескерту. Көтермелеу жүйесі жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 23.12.2024 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – көтермелеу жүйесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және саланы дамытуға қосқан үлесі үшін дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы қызметкерлерді көтермелеудің салалық жүйесінің рәсімін нақтылайды.
2. Көтермелеу саланы дамытуға қосқан үлесі үшін қызметкерлердің еңбегін моралдық ынталандырудағы нысаны болып табылады.
3. Дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы қызметкерлерді көтермелеу мақсатында көтермелеудің келесі түрлері белгіленеді:
1) осы көтермелеу жүйесінің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрмет грамотасы;
2) осы көтермелеу жүйесінің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алғыс хат.
4. Дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларының қызметкерлерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) және оның ведомстволарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) құрмет грамотасымен және алғыс хатымен көтермелеуге үміткер тұлғалар болып табылады.
5. Қызметкерлерді көтермелеу мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, кәсіби мерекелерге: "Спорт күні", "Мемлекеттік қызметші күні" кәсіби мерекесіне орай жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы үлесі, қызметі, жетістіктері немесе табыстары үшін бір тұлға екінші рет қайта ұсынылмайды.
6. Министрліктің Персоналды басқару департаментіне Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің, оның ведомстволарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған ұсыным ұсынылады.
Ұсынымда қызметкер туралы келесі мәліметтер (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, тиісті саладағы жұмыс өтілі, жеткен жетістіктерінің нәтижесін көрсетілулері қажет), қызметкердің нақты қызметін, жетістіктерін және табыстарын көрсететін көрсеткіштер сипатталады.
7. Қызметкерлерді көтермелеу үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Аппарат басшысының (бұдан әрі – Аппарат басшысы) бұйрығымен комиссия құрылады.
Комиссия мүшелерінің құрамы тақ саннан құрылады. Комиссия құрамы комиссия төрағасын есептемегенде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарларымен, аппарат басшысынан, ведомстволардың басшыларынан немесе орынбасарларынан, тиісті салаға жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалардан тағайындалады.
Комиссия төрағасы болып Аппарат басшысы тағайындалады.
Хатшы Министрліктің Персоналды басқару департаменті қызметкерлерінің ішінен анықталады.
8. Комиссия қызметкерлердің мінездемесінде осы көтермелеу жүйесінің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестіктерін қарастырады.
9. Комиссияның жұмысы қажеттілігіне қарай өткізілетін отырыс өткізу жолымен жүзеге асырылады. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады. Комиссия мүшелері оның жұмысында алмастыру құқығысыз қатысады.
10. Комиссия шешімдері осы отырысқа қатысқан жалпы комиссия мүшелерінің дауысының көпшілігімен қабылданады. Талқыланып отырған мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің, төрағасының және хатшысының қол қойылған хаттамасымен рәсімделеді.
11. Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттау, комиссия хаттамасының негізінде министрліктің аппарат басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
12. Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталады:
1) әрбір жеке саладағы (дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет) еңбек өтілі үш жылдан аса;
2) саладағы (дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет) қызметі, жетістіктері немесе табыстары үшін.
13. Алғыс хатпен келесі қызметкерлер марапатталады:
1) іс-шараларды өткізген жетістіктері (конкурстар, олимпиадалар, көрмелер);
2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін.
14. Құрмет грамотасы мен алғыс хатқа Министрдің қолы қойылады.
15. Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрімен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен салтанатты түрде жүзеге асырылады.
16. Министрліктің Персоналды басқару департаменті қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып тиісті жазба енгізеді.
Бұйрыққа 1- қосымша |
|
Көтермелеу жүйесіне № 1-қосымша |
|
Нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
_________________________________ саласының дамуына қосқан үлесі үшін
(дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет)
______________________________________________________ марапатталады.
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі
__________________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"___" __________20 ____ жыл
Бұйрыққа 2- қосымша |
|
Көтермелеу жүйесіне № 2-қосымша |
|
Нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ АЛҒЫС ХАТ
________________________________ саласының дамуына қосқан үлесі үшін
(дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет)
__________________________________________ алғыс хатпен марапатталады.
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
_____________________________________________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"___" __________20 ____ жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымағы № 181 бұйрығына № 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің күші
жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің "Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4651 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жыл, наурыз-сәуір).
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің "Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 19 мамырдағы № 247-252 (27326)).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің "Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 229 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8858 тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325(27599)).